Ақтөбеде сот журналист Ардақ Ерубаеваны жала жабу туралы істе кінәсіз деп таныды
Бүгін 7 ақпанда Ақтөбе қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналист Ардақ Ерубаеваны жала жабу туралы істе кінәсіз деп таныды және оның әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты.
Естеріңізге сала кетейік, бұл іс Ырғыз аудандық гимназия директоры журналистер Ардақ Ерубаева мен TilshiNews.kz сайтының редакторы Асқар Ақтілеуовті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартуды талап етіп, полицияға арызданған болатын. Білім ошағының директоры журналистер әлеуметтік желідегі жазбаларында жала жауып еден жуушының жұмыстан босатылуын оның облыс әкіміне арызданумен байланыстырды дейді.
Тергеу барысында Ардақ Ерубаеваның жазбаларының мәтініне лингвистикалық сараптама жүргізілді. Сараптама мәтінде арызданушының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер жоқ деген қорытындыға келді.
Ардақ Ерубаеваға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс тоқтатылды.