Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналисті мектептің еден жуғышы жұмыстан босатылғаны туралы жазбасы үшін соттауда

26 қаңтар 2024

Ақтөбе облысында мектептің еден жуғышы жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат таратқан екі журналистке жала жапты деген айып тағылды. Біреуі ақталды, екіншісі сот алдында жауап беруде.


23 қаңтарда Ақтөбедегі әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында журналист Ардақ Ерубаеваға қатысты жала жабу ісі бойынша сот отырысы басталды.


Еске салайық, былтыр қараша айында TilshiNews.kz сайтының редакторы Асқар Ақтілеуов пен журналист Ардақ Ерубаева Instagram желісіндегі парақшаларында облыс әкіміне мектеп мәселесін айтып шағымданған мектептің еден жуғышы Мөлдір Ғапиздің жұмыстан босатылғаны туралы хабарлаған болатын. Гимназия директоры журналистер әдейі жалған ақпарат таратты деп есептеп, еден жуғыштың жұмыстан босатылуын облыс әкіміне арызданумен байланыстырып, журналистерді жала жапқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуды талап етіп, полицияға арызданды.


Көпшіліктің наразылығынан кейін еден жуушы гимназияға қайта жұмысқа алынды. 15 қаңтарда сот Асқар Ақтілеуовті әкімшілік құқықбұзушылықтың жоқтығы үшін жала жабу үшін кінәлі емес деп тапты.


Бірақ Ардақ Ерубаеваның соты енді басталды. Полиция департаменті нәтижесі әлі келмеген жазбаның мәтінін сараптамаға жіберді. Алайда 23 қаңтарда Ардаққа іс материалдарының сотқа жіберілгені туралы хабарлама келіп, Ақтөбе уақыты бойынша сағат 17:00-де сот отырысы өтті.


Ардақ судьяның әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына қатысты сұрақтары бар екенін айтады. Атап айтқанда, журналистің кінәлі немесе кінәлі еместігін анықтау үшін тағайындалған сараптама қорытындысынсыз сотқа хаттама неге жіберілген.
Журналистің адвокаты Сисембай Делманов соттан хаттаманы заңсыз деп танып, істі қысқартуды сұрады.


Келесі сот отырысы 2 ақпанда өтеді.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз