Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection
Басты бет Біз туралы

Біз туралы

Біз туралы 1999 жылы 12 сәуірде «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры қоғамдық қор мәртебесімен заңды тұлға ретінде тіркелді.
 

Негізгі қызметі:

Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы туралы жүйелі мониторинг жүргізу.
Даулы мәтіндерге лингвистикалық сараптама жасау.
Журналистерге арналған оқу құралдарын дайындау және басып шығару («Біздің басылымдар» бөлімін қараңыз).
БАҚ пен журналистерге құқықтық көмек көрсету.
Заңнамалық шығармашылық қызметі. Бірқатар заң жобалары дайындалды, кемінде 25 заң жобасына құқықтық талдау жасалды.
«БАҚ пен журналистерді құқықтық қорғау», «БАҚ қызметінің этикалық стандарттары мен құқықтық негіздері», «БАҚ мақалаларының лингвистикалық қауіпсіздігі» семинар-тренингтері.

«Әділ сөз» жобаларын Сорос-Қазақстан Қоры, Ашық қоғам Қоры, Америка халықаралық даму агенттігі (USAID), Еуропалық комиссияның Қазақстандағы, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстандағы өкілдігі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан үшін кластерлік бюросы, пікір білдіру бостандығын қорғау «Артикль 19» үкіметтік емес ұйымы, MLDI «Media Legal Defense Initiative» (Ұлыбритания) үкіметтік емес ұйымы, IFEX сөз бостандығын қорғау халықаралық қауымдастығы, Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігі, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі, Норвегия Корольдігінің Үкіметі, Финляндияның медиа, ақпарат және VIKES даму қоры қолдайды.

Біз барлық серіктестерімізге өзара түсіністік пен көмектері үшін алғыс білдіреміз.
Өз сұрағыңызды қойыңыз