Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналистерге жасалған телефон шабуылдарына қатысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәлімдемесі

14 наурыз 2025

2025 жылдың 12-13 наурызында бірнеше журналист жаңа әдісте ұйымдастырылған телефон шабуылына тап болды. Соның салдарынан олар өздерінің кәсіби қызметін жүзеге асыра алмады.  Журналистердің нөмірлері OLX.kz платформасында жалған жарнамаларда жарияланды. Қаскөйлер арзан бағада мысық, күшік немесе  техника сату туралы хабарландыру берген. Журналистерге ондаған қоңырау соғылды.

Prodengi.kz редакторы Ирина Ледовских телефоны автоматты түрде 50-ден астам нөмірді бұғаттағанын хабарлады. Журналист Данияр Молдабековке («Пятое января» Telegram-арнасы) күшік сату туралы жарнамамен әр 5-10 минут сайын телефон соғылды, оған такси жүргізушілерінің чатына нөмірін қосқанын айтқан. Осыған ұқсас жағдай Ирина Севостьянова (Астана), Татьяна Панченко (Forbes.kz, Алматы) және Юлия Козловамен  (Алматы) болды.

OLX.kz қолдау қызметі журналистердің шағымдарына жауап беріп, жалған жарнамаларды өшіре бастады, бірақ жойылғандардың орнына жаңалары пайда болды. Біз платформаға жылдам әрекет еткені, көмектесуге және шабуылдаушылардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуға дайындығы үшін алғыс айтамыз. Болашақта журналистерге қарсы заңсыз әрекеттер үшін жарнама қызметін пайдаланудың алдын алуға болады деп үміттенеміз.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры журналистердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 158-бабы – журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру бойынша құқық қорғау органдарына арыз беру арқылы да өз құқықтарын қорғай алатынын еске салады.

Өз сұрағыңызды қойыңыз