Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналист Үкімет үйіне кіру құқығынан айырылды

7 қыркүйек 2024

Press.kz басылымының журналисі Жәния Ұранқаеваға Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының өткізу және объектішілік ережелерін бұзғаны үшін 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін Үкімет үйіне кіруге шектеу қойылды. 

Үкіметтің баспасөз хатшысы Мақсат Төлегенов, 6 қыркүйекте, Press.kz редакциясына оның журналисі Жәния Ұранқаеваның Үкімет Үйіне кіруіне шектеу қойылғанын хабарлаған. Оған журналисттің Үкімет аппаратының өткізу және объектішілік режим ережелерінің 68, 70 және 94-тармақтарының талаптарын бұзғаны себеп болған. 

«Әділ сөз» корреспондентіне берген сұхбатында Жәния Ұранқаева екі апта бұрын баспасөз орталығы екінші қабатқа көшіріліп, БАҚ-қа Үкімет кулуарында жұмыс істеуге мүмкіндік берілмеген кезде, журналистер мұндай ережелерді реттейтін құжатты көрсетуді талап еткендерін айтты. Оған жауап ретінде бұл тыйым «Қызметтік қолдануға арналған» грифі бар объектішілік ережелерде қамтылғандықтан, БАҚ өкілдерінің онымен танысу мүмкіндігі жоқ деген жауап алған. 

Власть журналына берген сұхбатында, Ұранқаева қазіргі баспасөз қызметінің әрекеті жаңа ережелерге қайшы келетінін, өйткені онда Үкімет Үйіне кіруге тыйым салу қарастырылмағанын атап өтті. Журналисттің айтуынша, ол баспасөз қызметінен ешқандай ескерту алмаған және бұл шешімге шағымдануды жоспарлап отыр. 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз