Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналист Думан Мұхаммедкәрім ұсталды

28 мамыр 2023

Алматы облысында Youtube желісіндегі Ne Deidi арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім ұсталды, деп хабарлады «Ар.Рух.Хак» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина.

Төрегожина Facebook-те: «Ne Deidi арнасы қайтадан полицияға жеткізілді. 6 және 15 мамырдағы видеоролик үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 12-тармағы (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу-АС) бойынша хаттама жасалды», - деп жазды.

1 мамырда Мұхаммедкәрім митингі туралы заңды бұзғаны үшін ұсталып, кейін 25 тәулікке қамауға алынды. Ол 26 мамырда босатылды.
Мұхаммедкәрім 2023 жылы 19 наурызда өткен сайлауда Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз кандидат болды.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз