Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналиске жасалған шабуыл жазасыз қалмауы керек «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының Мәлімдемесі

23 қараша 2024

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2024 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратында Umarovnews.kz интернет-басылымының журналисі Талғат Омаровқа жасалған шабуылға алаңдаушылық білдіреді.


Журналист жас жігітті ұрлау ісі бойынша сот процесінен хабар таратты. Сот қаулысы жарияланғаннан кейін сотталушылардың бірінің әкесі Жанқабыл Сәтбаев Омаровтың басынан ұрған. Журналистің айтуынша, ол мұндай әрекетке себеп болатын ештеңе жасамаған. Журналист кінәліні жауапқа тартуды талап етіп, полицияға арызданды.


Естеріңізге сала кетейік, «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 18-тармағына сәйкес журналистер өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде кеңейтілген құқықтарды көздейтін ерекше мәртебеге ие. Кәсіби міндетін атқару кезінде журналиске шабуыл жасау бұл мәртебені бұзады және мұқият тергеуді талап етеді.


«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры құқық қорғау органдарын объективті тергеу жүргізуге және кінәліні заң бойынша қатаң жауапқа тартуға шақырады. Медиа қызметкерлерге жасалған шабуылдардың жазасыздығына жол берілмейді. Жазасыздық  болашақта осындай жағдайлардың қайталану қаупін тудырады.


«Әділ сөз» жағдайды назарда ұстап, зардап шеккен журналиске қажетті құқықтық көмек көрсетуге дайын.  


Елдегі сөз бостандығын қорғау, жекелеген журналисті қорғаудан тұрады.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз