Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

ЖИ дәуіріндегі құқықтық сауаттылық: «Әділ сөз» қоры медиамамандарға семинар өткізді

11 тамыз 2025

Қазіргі журналист үшін құқықтық білім жазу шеберлігімен бірдей маңызды. Дәл осы тақырып аясында 7 тамызда Семей қаласында өткен «Заң және ЖИ — журналистке арналған құқықтық сын-қатерлер» атты интенсивті семинар өтті.

Іс-шараны Нидерланд Корольдігінің Елшілігінің қолдауымен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры ұйымдастырды. Бір алаңда Семей, Өскемен, Қостанай және Алматы қалаларынан келген журналистер мен блогерлер бас қосып, өзекті мәселелерді талқылап, қордың жетекші медиа заңгері Сергей Уткиннен тәжірибелік кеңестер алды.

Назарда журналистер күн сайын кездесетін жағдайлар болды: қоғамдық орындарда түсіру ережелерінен бастап, пікірлер үшін жауапкершілік пен жасанды интелектті қолдануға байланысты тәуекелдерге дейін. Қатысушылар өз жағдайларын талдап, күрделі құқықтық жайттарда қалай әрекет ету керегін түсінді.

Бұл іс-шара медиақауымдастықтың сапалы құқықтық қолдауға деген жоғары сұранысын тағы да дәлелдеді. «Әділ сөз» қоры бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра береді. Біздің жаңалықтарымыдан хабардар болып отырыңыздар.

Өз сұрағыңызды қойыңыз