Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Желіде BES.media атынан арандатушылық пікірлер жазған фейк аккаунттар пайда болды

14 маусым 2023

14 маусымда BES.media редакциясы ресми мәлімдеме жасады. Тәуелсіз жоба өкілдерінің айтуынша, белгісіз біреулер БАҚ логотипін пайдаланып, олардың атынан әлеуметтік желіде аккаунттар ашып, ұлтаралық және нәсілдік араздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық, сондай-ақ қорлайтын пікірлер жазған. Журналистер бұл пікірлерге еш қатысы жоқтығын мәлімдеді.

BES.media өкілдері әлеуметтік желілерде: «BES.media – журналистер жасаған ресми тіркелген БАҚ. БАҚ ретінде біз ағымдағы оқиғаларға баға бермейміз, бірақ фактілерді жазып аламыз және оқырмандарымызға маңызды мәселелер бойынша сараптамалық пікірлерді жеткіземіз. Біз жеке пікірімізді қоғамдық талқылаулар мен әлеуметтік желілерде ашық айтамыз. Біз фейк аккаунттардың артына жасырынбаймыз және әрқашан өз көзқарасымызды ашық білдіреміз», - деп жазды. Құқық қорғау органдары мен АҚДМ-не осы жалған аккаунттардың авторларын анықтап, оларды жауапкершілікке тарту туралы арыз жазғандарын мәлімдеді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз