Заманауи медиа және коммуникациялар: құқық және баспасөз хатшылары үшін тиімді стратегиялар" тренингі
7 маусым 2024
Бүгін Қарағандыда АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының ұйымдастыруымен тренинг өтті. Іс-шараның тақырыбы –«Заманауи медиа және коммуникациялар: құқық және баспасөз хатшылары үшін тиімді стратегиялар". Іс-шараны АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз атташесі Кристофер Соренсен мен «Әділ сөз» қорының президенті Карла Джаманкулова ашты.
Спикер ретінде «Әділ сөз» қорының заңгері Сергей Уткин сөз сөйлеп, баспасөз хатшылары жұмысының құқықтық аспектілері туралы айтты. Содан кейін Карла Джаманкулова тренинг қатысушыларына заманауи коммуникациялардың тиімді стратегияларымен бөлісті. Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.