Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Судьяларға арналған семинар: сот жүйесінің ашықтығы және БАҚ-пен өзара әрекеттесу

19 желтоқсан 2024

2024 жылғы 13 желтоқсан
Астана


«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі қолдауымен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген судьялар мен сот жүйесі қызметкерлеріне арналған «Сот жүйесінің ашықтығы: көпшілік алдында сөз сөйлеу және БАҚ-пен өзара әрекеттесу дағдылары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар тренерлері:

Карла Жаманқұлова, саяси коммуникациялар бойынша PhD, «Әділ сөз» қорының президенті;

Ақерке Берлібай, ICBT бизнес-тренері, ICU/ICTA коммуникациялар бойынша коуч, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының стратегиялық коммуникациялар және репутациялық PR бойынша тренері, COMMUNIX агенттігінің CEO-сы.

Шара қатысушылары көпшілік алдында сөйлеудің негізгі қырларын, әлеуметтік желілердегі коммуникацияны басқару дағдыларын, сондай-ақ сұхбаттарға дайындық пен баспасөз конференцияларын өткізуді меңгерді. Семинарда сот жүйесінің БАҚ-пен тиімді өзара әрекеттесуі және қоғаммен сенімді қарым-қатынас орнату үшін ашықтық пен кәсібилік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сот жүйесі қызметкерлерінің коммуникациялық дағдыларын дамытуға үлес қоса алатынымызды мақтан тұтанамыз және кәсіби дамуға деген ұмтылысы үшін шара қатысушыларына алғысымызды білдіреміз!

Өз сұрағыңызды қойыңыз