Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сот «Мой город» газетіне қарсы талап арызды 1% ғана қанағаттандырды

31 шілде 2023

2023 жылдың мамыр айында Орал қаласының №2 сотына «Батыс Су Арнасы» АҚ бас директорының орынбасары Жандос Саматовтың «Мой город» газетінің иесі «Медиа старт 2012» ЖШС-ге қарсы ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз түсті. 

Жандос Саматов соттан Кристина Кобинаның «Директора ТОО «Батыс су арнасы» обвинили в растрате денег, а его заместителя в пьянстве» («Мой город», 6.10.2022 ж.) атты мақаласында таратылған ақпаратты күмәнді деп тануды, жауапкерді кешірім сұрап теріске шығаруды жариялауға міндеттеуді, сондай-ақ 10 млн. теңге келтірілген моральдық зиянды өтеуді сұрады.
28 шілдеде сот іс бойынша шешім шығарды. Судья Батырғалиева талап арызды ішінара қанағаттандырды. Моральдық залалды өтеу ретінде газет Саматовқа жарияланған соманың 1 пайызын ғана – 100 000 теңге төлеуі тиіс.
Басылымға құқықтық көмекті «Әділ сөз» заңгері Сергей Уткин көрсетті. Жалпы, ол сот шешіміне қанағаттанғанымен, тақырыпта жалған ақпарат бар дегенмен келіспейді.

«Мен соттың талап арызды ішінара қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімін қолдаймын. Маған судьяның Саматовқа «мас» деген сөздің қасында «секілді» деген сөз қойылса, ондай сөз тіркесін шындыққа жанаспайды деп түсінуге болмайды дегені ұнады немесе мақалада «мас» сөзі тырнақшаға алынған болса, бұл да сөздің мағынасын өзгертеді. Газет ешқашан талапкерді мас деп атамаған, сондықтан газетке өкпелеудің реті жоқ. Тақырыпқа келсек, су мекемесінің жұмысшылары директордың орынбасарын мас болды деп айыптады, бұл дәлелденген факт. Талапкердің өзі сотқа дейінгі талап арызында кезекші диспетчер Доронина мас болғанын айтып, ол туралы алып-қашпа сөз бен жала таратқанын жазған. Бірақ сот «Директордың орынбасарын мас болды деп айыптады» және «Директордың орынбасары мас болды» деген тіркестер бір мағынаны білдіреді деп шешті.

Филологтың алдында сұрақтарды тұжырымдаған кезде, біз осы нюансқа ерекше назар аудардық. Маман мақаланың атауында қандай мағына бар екенін қорытындысында көрсетті. Қорытындыны оқып шықтық: бірақ сот оны өзінше түсінуі мүмкін. Маман: бұл жерде басқа мағынаны елестету де мүмкін емес. Бұл мүмкін болып шықты!», - деді ол.
Басылым сот шешімімен келіспей, оған шағымданбақшы.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз