Солтүстікқазақстандық судьялар сот процесінің жариялылық принципін бұзғанын мойындады
30 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судясы М.Нистолийдің блогер Николай Николаенкоға қарсы шағымын қарау кезінде Adal Sot Telegram арнасының журналисі Зинаида Проценко мен блогер Арман Ақылбековты ашық сот отырысына жібермеді. Процесске қатысушылардың кейбірі сот залында болды, ал кейбірі ZOOM арқылы қосылды. Алайда Зинаида Проценконың басқа қалада болғанына қарамастан сот отырысына қоспады.
14 маусымда сот алқасының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымнан кейін сот төрағасы Ербол Жанғазин аталған факті бойынша жедел кеңес өткізіліп, облыстық соттың судьяларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Оған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қатысқан, оның барысында барлық сот инстанцияларында істерді ашық қарау туралы заң талаптары қатаң түрде сақталуы керектігі ескертілген.
Облыстық соттың төрағасы: «Облыстық соттарға БАҚ өкілдерінің және басқа да тұлғалардың ашық сот отырыстарына қатысуын шектеуге жол бермеу туралы хат жолданды. Сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығы - демократиялық қоғамдағы сот төрелігінің негізгі қағидаттары», - деді.