Шенеуніктің «Уральская неделямен» сот дауы медиациялық келісіммен аяқталды
Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисенғали Хайруллиннің «Уральская неделя» газетінің редакторы мен журналист Людмила Калашниковаға қатысты ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау туралы істі қарау бейбіт түрде аяқталды.
Талапкер ағымдағы жылдың 16 тамызындағы «Разработки трех новых карьеров ПГС в пойме Урала не будет» атты мақаласындағы үзінді бойынша дауласты. Атап айтқанда, Бисенғали Хайруллин «разрабатывать карьеры на территории гослесфонда мы все-таки им не дадим» деген сөйлемді шындыққа жанаспайтын деп тануды және теріске шығаруды сұрады. Ол: «Газет журналисі менің сөздерімді өз бетінше бұрмалады, өйткені телефон арқылы сөйлесу кезінде мұндай сөздер газет журналисіне тікелей айтылмаған, сонымен қатар әңгіме аудиожазбаға жазылатыны туралы маған ескертілмеді» дейді.
Бұл сөздер оның мемлекеттік қызметші ретіндегі ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді, атап айтқанда «халықтың алдында авторитарлық шексіз билікке ие басшы ретінде заң нормаларын елемейтін және аталған кәсіпорынға кез-келген жолмен жұмыс істеуіне тыйым салуды» көздейтін адам етіп көрсетеді.
Сот талқылауы барысында тараптар медиациялық келісім жасап, оның талаптары талапкерді де жауапкерлерді де қанағаттандырды.
Бисенғали Хайруллин барлық қойылған талаптардан бас тартады, өз кезегінде жауапкер сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде ақпараттың дұрыс түсіндірілмегендігі туралы хабарлама жариялауға міндеттенді. Редакция мемлекеттік қызметшінің «тек қана оның бөлімшесі қабылдайтын заңды шаралары туралы айтқанын және соңғы шешімді сот қабылдайтынын» түсіндіруі керек.
«Әділ сөз» қоры бұл даудың БАҚ өкілдерімен оңтайлы шешілуін құптайды. Хайруллин мырза конструктивті диалогқа дайын екенін және мемлекеттік қызметтің жоғары стандарттарына ғана емес, жеке тұлға өзінің беделінен жергілікті жердің игілігі үшін қызмет етуге адалдығын көрсетті. Сонымен қатар, «Уральская неделя» газетінің редакциясы мен журналист Людмила Калашникованың кәсібилігін де атап өткіміз келеді.