Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Сарығаш-информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбеков тағы да айыпталды

26 қыркүйек 2023

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында жала жабу ісі бойынша сот басталды. «Сарыағаш-информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбековке тағы да айып тағылды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Арызға 30 маусымда жарияланған «Нағыз қарабет кім екен?» деген мақала себеп болған. Онда Амангелді Батырбеков мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауда депутаттыққа кандидаттардың бірі сотталмағандығы туралы жалған анықтама ұсынғаны туралы жазған. Анықтаманы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Шымкент басқармасының қызметкері алуға көмектескен.

Шенеунік бұл ақпаратты жала деп санағанымен, қандай пікірмен келіспейтінін нақтыламаған.
Істі қарау судьяға қарсылық білдіруден басталды. Дәл осы судья осыған дейін үш рет Амангелді Батырбеков айыпталушы болған істі қараған, оның екеуін кейіннен жоғары тұрған инстанция бұзып, журналисті кінәсіз деп тапқан.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз