Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сандуғаш Дүйсенова ешқайда кетпеу туралы қол хатпен босатылды

15 тамыз 2023

Жетісу облыстық полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенова ешқайда кетпеу туралы қол хатпен босатылды, деп хабарлайды. 

«Азамат Дүйсенова қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Ол кінәсін мойындап, процессуалдық шаралар қолданылған соң, ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы жазбаша міндеттеме алып, босатылды. Қазіргі уақытта тергеу облыстық департаменттің бақылауында» делінген.

Еске салайық, Сандуғаш Дүйсенова 11 тамызда Талдықорғанда ұсталған болатын. Ол жеке өмірге қатысты деректерді, оның ішінде жеке немесе отбасы құпиясын көпшілік алдында сөз сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқан (ҚР ҚК 147-бабының 5-бөлігі) деген күдікке ілінді. Бұл бап бойынша санкция 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз