Петропавлда журналистердің қызметіне кедергі жасау туралы іс бойынша Қазақстан тарихындағы екінші сот басталды
10 қазан 2022
10 қазанда Петропавл қалалық сотында «Хабар 24»телеарнасы журналистерінің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы қылмыстық істі тыңдау басталды. ҚР ҚК 158-бабы бойынша сауда орталығының күзет қызметінің бастығы Сұлтан Сағандықовқа айып тағылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 2 тамызында телеарнаның түсірілім тобы «Достық Молл»сауда орталығының ғимаратында ASHIQ бағдарламасының жұмысы туралы сюжет түсірген болатын. «Достық Молл» сауда орталығының күзет қызметкерлері оларды ғимараттан күшпен шығарып жіберген еді. Журналистер Самат Жақыпов, Наталья Волкова және телеоператор Төлеген Иманов полицияға арызданды. Сол кезден бастап қылмыстық іс бес рет жабылды. Журналистер істің заңсыз жабылғанын әр уақытта дәлелдеді.