30 жыл ішінде ҚР ҚК 158-бабы бойынша екінші рет іс сотқа жолданды ... алтыншы әрекет бойынша
Бір жылдан астам уақыт бұрын «Хабар24» телеарнасының Солтүстік Қазақстан филиалының журналистері-Самат Жақыпов, Наталья Волкова және телеоператор Төлеген Иманов полицияға арызданды. 2021 жылғы 2 тамызда «Достық Молл» сауда орталығының күзет қызметкерлері оларды ғимараттан күшпен шығарып жіберген еді. Телеарнаның түсірілім тобы «Достық Молл» сауда орталығында ASHIQ бағдарламасының жұмысы туралы сюжет түсірмек болған.
ҚР ҚК 158-бабы бойынша қылмыстық істі (журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі) бірнеше рет есептен шығаруға тырысты. Көпшілікке жария болғаннан кейін қайтадан жаңартылды.
Баспасөз өкілдерінің ұстанымын атап өту керек. Осы уақыт ішінде олар қысымға ұшырады, белгісіз адамдар бейбіт жолмен келісуді ұсынды, дау дамайды шешу үшін «Хабарға»не қажет екенін сұрады.
Биылғы жылдың алтыншы қазанында телеоператор Төлеген Иманов сотқа шақыру қағазымен бірге полициядан ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша оны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарлама алды. Бір қызығы, құжат 2020 жылға арналған бланкіде жасалған, ал мәтіннің өзінде бұл күн қаламмен 2020 жылдан 2022 жылға түзетілген.
Журналистік қызметке кедергі жасау туралы іс бойынша соттың бірінші отырысы 10 қазанда өтеді. Оны Петропавл қалалық сотының судьясы Әсем Жаналина қарайды. Айта кетейік, бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихында ҚР ҚК 158-бабы бойынша іс сотқа жеткен екінші жағдай. «Әділ сөз» сот талқылауының барысын қадағалайтын болады. Журналистердің құқықтары қорғалады, ал болашақта мұндай істер сотқа ұзақ сынақтарсыз жетеді деп үміттенеміз.