Министрдің балалары қайда оқиды деп сұрамаңыз!
Жақында Сауда және интеграция министрлігін басқаратын Серік Жұманғарин министрлердің балаларының қайда оқитыны және оның отбасы мүшелері қайда емделеді, Қазақстанда ма, әлде шетелде медеген сұраққа жауап беруден бас тартты, - деп хабарлады NUR.KZ тілшісі.
«Бұл жауап сізге не үшін керек? Сіз түсінесіз бе, мен сізге бұл сұраққа былай жауап беремін: сіз жиі жеке сұрақтар қоясыз, ал жеке сұрақтар – бұл менің отбасымның қауіпсіздігі. Сіз менің балаларым қайда оқиды, қанша ақша табасыз және т.б. деп сұрайсыз. Менің кәсіби қызметім туралы сұрақтар қойыңыз. Сіз бізден ақпарат алу үшін, оны халыққа жеткізу үшін келдіңіз. Менің кәсіби қызметім туралы сұрақтарыңыз бар ма? Мен жауап бергім келмейді ме?» деді министр.
«Әділ сөз» түсініктемесі:
Журналистің сұрақтары министрдің отбасының қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді. Олардың мақсаты – жоғары лауазымды шенеунік мемлекеттік қызметкердің жалақысына күн көретінін анықтау.
Мұндай сұрақтарға жауап беруден бас тарту қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға ықпал етпейді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы келеді, оған сәйкес лауазымды тұлғалар азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік көрсетуге міндетті. Дөрекілікке, ар-намысты қорлау, әдепсіздік және мінез көрсету фактілерінен аулақ болғандары жөн. Сондаоларға іс-әрекеттері мен мінез-құлқына сын тумайды.