Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Құқықтық білім – жаңадан бастаған журналистер үшін

14 қыркүйек 2022

Өз құқығын білмеген журналист – құқығы жоқ журналист. Бұл әсіресе осы кәсіпке жаңадан келгендерге қатысты. Сіз нені түсіруге болатынын және нені түсіруге болмайтынын, нені жазып, нені жазуға болмайтынын білгіңіз келеді. Қалай сотқа тартылмаукерек? Сотқа тартылған жағдайда не істеу керек?

Сіздер үшін «Әділ сөз» қоры «Жаңадан бастаған журналистерге арналған құқықтық білім» атты семинар өткізгелі жатыр. Ол 26 қыркүйекте Алматыда офлайн режимде өтеді. Қатысу тегін, жол және жатын-орын шығындарын ұйымдастырушылар көтереді. Семинарға қатысу үшін алдын-ала жазылу қажет, өйткені орын саны шектеулі.

Өз сұрағыңызды қойыңыз