Nur.kz тілшісі Ардақ Ерубаева полицияға бағынбағаны үшін сотталды
Бүгін, 2 қыркүйекте Ақтөбеде Nur.kz тілшісі Ардак Ерубаеваның құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды өкіміне, талабына бағынбады деген айыппен соты өтіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 31 тамызда журналист ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың үкіметтік кортежін суретке түсіруге тырысқан болатын. Бірақ оны бірден азаматтық киімдегі белгісіз қызметтік куәлігін көрсетпеген екі ер адам ұстап алып, АІІБ-на алып кеткен, онда Ардақ Ерубаеваны үш сағат ұстаған.
Полицияның мәліметінше, БАҚ-тың ешқандай белгісі жоқ журналист топ арасынан күзетілетін кортежге қарай атыпшыққан. Ардақ өзі қарапайым тұрғындардың қатарында тұрғанын, алға шықпағанын және кортежді түсіру үшін ұялы телефонмен қолын көтергеннен кейін ұсталғанын хабарлады.
Бастапқыда онлайн-сот отырысы таңғы сағат 9.30-ға белгіленді. Процеске қатысу үшін Ардақ полицияға шақырылып, алдымен жертөлеге орналастырылды, содан кейін байланыс сапасы нашар болғандықтан, далаға жіберілді. Дала шулы болғандықтан, журналист судьяның сөздерін де ести алмады. Ардақтың отырысты офлайн режимде өткізу туралы өтінішіне судья Есдәуір Мұратқан бұл арандатушылық деп жауап берді. Ол журналисті нашар тәрбиесі үшін сөге бастады.
«Бірақ мен сотқа өзімнің қатысуымды талап еткенімде, судья менің тәрбием туралы: мәдениетті адамдар оффлайн сотты талап етпейтінін, неге арандататынымды, менің мінез-құлқымды айтып тұрғаны туралы мораль айтты», - деді Ардақ Ерубаева.
Сот отырысы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-ге дейін үзіліс жариялады.