Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы 2022 жылғы тамыздың 4-і мен 11-і аралығы

12 тамыз 2022

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жыл тамыздың 4-і мен 11-і аралығында Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының жағдайына зерттеу жүргізді.

 

 

4тамыз

Диас Нұрмағамбетов (Қостанай қ.)

Блогердің апелляциялық соты азаптау дәлелдерін елемеді

4 тамызда Қостанай облыстық соты Telegram-каналда фейк таратқаны үшін 1 жылға бас бостандығы шектелген азаматтық белсенді Диас Нұрмағамбетовтың апелляциялық шағымын қарады.

Блогер үкімге шағымданып, ол ешқандай жалған ақпарат таратпағанын және тағылған айыпты азапталғандықтан мойындағанын айтты. Оның өтініші бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жүргізді, бірақ тергеу изоляторында блогерге қысым жасалғанын таппады.

Судья Мәдина Саламатова Нұрмағамбетовтың кінәсін мойындауы жол берілмейтін дәлел деп танып, сараптама қорытындысы бойынша блогердің денесінде тыртықтар барын, Антикор жүргізген тергеудің толық және жеткілікті түрде жүргізілмегенін атап өтті. Бірақ ол істе Нұрмағамбетовтің кінәсін растайтын басқа да дәлелдер жеткілікті деген қорытындыға келіп, бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Енді блогер Жоғарғы сотқа, Бас прокуратураға және тағы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыздануға ниетті.

 

 

5 тамыз

Гүлжан Ерғалиева, El Media (Алматы)

Elmedia бас редакторы Гүлжан Ерғалиева өзіне және оның басылымына шабуыл жасалғанын хабарлады

Белгілі қазақстандық журналист Гүлжан Ерғалиеваны белгісіз біреулер телефон арқылы қудалап жатыр. Бас редактордың айтуынша, үш сағат ішінде оған Үндістан мен Пәкістаннан 55 қоңырау түскен. Ол алғашқы екі қоңырауға жауап бергенімен, телефон соғушы үнсіз қалған. Бұл шабуыл екенін түсінген журналист телефонын өшіріп тастады.

Ерғалиева смартфонын қосқаннан кейін анайы хабарламалар мен қоңыраулар келе бастаған.

 «Тағы бір адам қоңырау шалып, жыныстық қызмет көрсетесіз бе деп сұрайды. Ол кыздар.кзсайтынан хабарландыру тапқанын, онда менің атымнан жарнама тұрғанын және менің телефон нөмірім көрсетілген дейді. Одан кейін WhatsApp-қа «Гүлжан, жұмыс істейсің бе? Суретіңді жібер, сенде классикалық стиль ма?» деген хабарлама келді. Осылайша мен жезөкше сияқтымын, маған клиенттер хабарласып жатыр. Мен қатені түзету үшін жарияланған хабарландырудың скринін жіберуді өтіндім. Бірақ олар телефонды тастай салды. Бұның не екенін және оны қалай түсінуге болатынына көмектесулеріңізді сұраймын? Қоңырауларды қадағалау үшін Кcell-ге жүгіну керек пе, әлде бірден полицияға хабарласу керек пе?» деп жазады Гүлжан Ерғалиева.

Журналиске ол басқаратын медианың аккаунты арқылы да шабуыл жасалды. Оның атына қорлайтын хабарламалар түскен. Ерғалиева белгілі бір ботоферма оны қудалап жатыр және шабуыл ElMedia қызметімен байланысты деп санайды. Журналист мұндай қудалауға беріле салғысы келмейді және шабуылдың артында кім тұрғанын білгісі келеді.

 

 

5 тамыз

Азамат Сәрсенбаев, блогер (Ақтау)

Маңғыстау облысында танымал блогер Азамат Сәрсенбаевқа қатысты жала жабу ісі тоқтатылды

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Болат Пазылов Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 3-бөлігінде (жала жабу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты блогер Азамат Сәрсенбаевтың іс-әрекетінен таппады.

Талапкер Жаңаөзен қаласының №4 мектебінің директоры Дүйсенбай Жамалов. Ол блогер Сәрсенбаев2022 жылғы маусымда Instagram-да ақпарат жариялап оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлады деп шешті. Сонымен қатар, Жамаловтың айтуынша, блогер мектеп директорын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыптаған.

Азамат Сәрсенбаевтың түсіндіруінше, осы мектептегі Мемлекеттік сатып алу саласындағы өрескел бұзушылықтар туралы оның әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған ақпараттың бәрі дұрыс. Бұл туралы кәсіпкер Байымбетовтен мәлім болды. Ол өз сөзін құжат жүзінде растаған. Куә аудит органдарына, прокуратураға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді. Тексеру нәтижелері бойынша шешім кәсіпкердің пайдасына шығарылды.

При таких обстоятельствах доводы, изложенные в заявлении Джамалова том, что государственный закуп проведен в соответствии с законом, поскольку против него не возбудили ни административного, ни уголовного дела, несостоятельны (…) Добросовестное заблуждение относительно достоверности распространяемых сведений, т.е. в случае, когда лицо было уверено в правдивости сведений, хотя на самом деле они были ложными, исключает ответственность за клевету», - говорится в постановлении суда.

«Мұндай жағдайларда Жамаловтың мәлімдемесінде айтылған мемлекеттік сатып алу заңға сәйкес жүргізілді, өйткені оған қарсы әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғалмаған, таратылатын ақпараттың дұрыстығына қатысты адал жаңылысу (...) мүмкін емес, Таратылатын ақпараттың сенімділігі туралы саналы қате түсінік, т.б. адам ақпараттың растығына сенімді болған жағдайда, шын мәнінде олар жалған болса да жауапкершілікті жоққа шығарады», - делінген сот қаулысында.

 Әкімшілік іс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 «Әділ сөз» пікірі:

Айта кету керек, жағдайды бақылаған «Әділ сөздің» пікірінше, бұл сот тәжірибесінде өте сирек кездесетін жағдай. Судья шешімнің негізі ретінде «жала жабудың» басты саралау белгісін - әдейі алған. Бұрын қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуде судьялар ниеттің болуына немесе болмауына аз назар аударып, шешім қабылдайтын. Егер ақпарат сенімсіз болса, онда ол кінәлі деп танылатын. Жаңа Қазақстан ба?

 

 

5 тамыз

Азаттық радиосы (Алматы қ.)

Хат жазыңыздар: Нұр-Cұлтан полиция департаменті БАҚ-тың ауызша сауалына жауап беруден бас тартты

«Азаттық» радиосының ақпараты бойынша, Қазақстанның тіркелмеген Демократиялық партиясының белсендісі Абзал Достияровқа «көрінеу жалған ақпарат тарату» қылмыстық бабы бойынша айып тағылды. Себебі, Достияров өзінің Facebook-тегі парақшасында телефон арқылы сөйлесудің үзіндісін жариялады, онда ер адам Алматы қалалық полиция басқармасының тергеушісі Алмас Тастанбеков болып таныстырылады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі редакцияның сұрауына ақпарат берген жоқ. Олар ресми жазбаша сауал жолдауды ұсынды.

 

 

6 тамыз

Азаттық радиосы (Ақмола облысы)

Тергеу изоляторындағы аштыққа қатысты журналистің сауалына ешкім жауап бергісі келмеді

Сот «тыйым салынған ұйымға қатысу» және «төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату» баптары бойынша айыпталған Ая Сәдуақасоваға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті. Шортанды аудандық сотының қаулысымен үйқамақтан қамауға алу түріндегі жазаға ауыстырылды. Бұған наразылық ретінде белсенді аштық жариялады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Журналистің сұрақтарына ешкім жауап бермегендіктен, белсендінің тергеу изоляторында аштық жариялағаны туралы ақпаратты растау мүмкін болмады.

 

 

8 тамыз

Түркістан облысының полициясы өздерінің бет бейнесі туралы жаңалықтарға 23,2 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр...

Түркістан облысының полиция департаменті Nur.kz. порталымен 23,2 млн теңгеге келісім-шартқа қол қойды. Осы ақшаға жаңалықтар порталы және тағы төрт БАҚ (Tengrinews, 102 info, Zakon және Hanes, олар Nur.kz пен ДП жарнамалауға келіскен) аймақтағы полицейлердің «жетістіктері» туралы жазатын болады.

Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы құжаттарға қарағанда, Түркістан полицейлері кем дегенде 146 имидждік жаңалық жарияламақ. Олардың барлығы, әрине, «PR белгісі жоқ» болуы керек

Айта кетейік, полиция департаменті Nur.kz 9 млн теңге аударған болатын. Яғни, полицияның  «жетістіктері»туралы жаңалықтар жариялана бастады...

 

 

11 тамыз

Ratel.kz (Алматы)

Роскомнадзор Ratel.kz сайтынан мақаланы өшіруді талап етеді

Ratel.kz желілік БАҚ редакциясы, сондай-ақ провайдер Роскомнадзордан ақпаратты тарату тәртібінің бұзылғаны туралы хабарлама алды.

Ресей билігі «Как долго российские граждане будут поддерживать войну России в Украине» деген мақаланы 24 сағат ішінде алып тастауды талап етті. Роскомнадзордың түсіндірмесінде қазақстандық веб-сайттың мақаласында «Ресей Федерациясы Қарулы Күштері жүргізіп жатқан арнайы әскери операция туралы сенімсіз ақпараттық материалдар бар» делінген.

Роскомнадзордың пікірінше, Қазақстандық провайдер Ratel.kz сайтына «дереу» хабарлап,  олардың мақаласы «азаматтардың өміріне және денсаулығына, мүлкіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті жаппай бұзу қаупін (немесе) қоғамдық қауiпсiздiк, тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң, көлiк немесе әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң, несие мекемелерiнiң, энергетика, өнеркәсiп немесе байланыс құралдарының жұмыс iстеуiне немесе жұмысын тоқтатуға кедергi келтiру қаупi туралы хабарлауға міндетті.

Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіпов редакцияға қазақстандық мемлекеттік органдардан басылым орындауға міндетті хабарламалар келмегенін айтты.

 «Иә, біз трафиктің бір бөлігі Ресейден келетінін білеміз. Бірақ біз үшін қазақстандық оқырман аса маңызды. Менің ойымша, бұл Қазақстанның ішкі ісіне араласу», - деп жазды Ratel.kz бас редакторы.

Марат Әсіпов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Роскомнадзорға Қазақстан азаматтары Қазақстан заңымен өмір сүріп жатқанын еске салуы тиіс деп пайымдайды.

 

 

11 тамыз

БАҚ (Қазақстан)

Анықтама әкеліңіз - АҚДМ БАҚ қызметкерлері ала алмайтын декреттік жәрдемақы туралы

Orda.kz сайтының БАҚ қызметкерлері түрлі бөлімшелердің табалдырығын тоздырып, декреттік жәрдемақы ала алмайды деген мақаласына жауап ретінде АҚДМ заңға енгізілген өзгерістерге тоқталды:

«Аталған өзгерістер енгізілгенге дейін әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды тағайындау аударымдарды аудару туралы ақпараттық жүйеде бар мәліметтер негізінде жүргізілді (2020 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі табысты есепке алмағанда).

Осыған байланысты, МӘСҚ-нан және зейнетақыдан төлемдер тағайындалған бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» бөлімшесіне қайта есептеу мүмкіндігін қарау үшін табыс туралы өтінішпен және анықтамамен жүгіне алады», - деп нақтылады АҚДМ.

 

Мониторинг «Әділ сөз» қоры тілшілерінің және ашық көздерден алынған ақпараттар бойынша дайындалды.

 «Әділ сөз» қорының мониторинг қызметінің жетекшісі

Елена Цой

e-mail: lena@adilsoz.kz

Мониторингке қатысты сұрақтар бойынша info@adilsoz.kz ке хабарласуға болады.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз