Өскеменде «Дорожный контроль» порталының журналисі Антон Князев соққыға жығылды
4 тамыз 2022
3 тамызда Өскеменде белгісіз бес адам «Дорожный контроль» ҚБ ақпараттық порталының журналисі Антон Князевті соққыға жықты.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (бұзақылық) бойынша екі күдіктіні анықтау және қажетті тергеу іс-шараларын жүргізу үшін сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Бұл «Дорожный контроль»журналистеріне жасалған алғашқы шабуыл емес. Еске салайық, 19 шілдеде Атырауда белгісіз біреу «Дорожный контроль»порталының тілшісі Олеся Вертинскаяны ұрып кетті. Шабуылдан бірнеше күн бұрын журналист жасырын нөмірден қоқан-лоққы көрсеткен хабарлама алған.