Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Нұрсұлтан Назарбаев қоры америкалық басылымды жала жапты деп айыптады

4 тамыз 2022

4 тамызда Сourthouse News Service америкалық басылымы Нұрсұлтан Назарбаев қоры10 жылдан бері дүние жүзінде ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күресуге маманданған Journalism Development Network(журналистиканы дамыту желісі) ақпараттық сайтына қарсы сотқа шағым түсіргенін хабарлады.

Талапкер 2022 жылғы 19 қаңтардағы мақалада айтылған қордың қаражаты мақсатқа сай пайдаланылмайды дегені болжам, бұл оның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді, жала деп есептейді. Талап арызда мақаланың негізгі идеясы қор – бұл заңды фикция, ол арқылы Назарбаев білім беруді қаржыландыруға арналған миллиардтаған долларлық байлықты толық бақылайды дегенге дауласады. Сонымен қатар, қор материалдық өтемақы талап етеді, бірақ оның көлемі көрсетілмейді. Талапкердің мүддесін Вашингтон заң фирмаларының бірінің адвокаты қорғайды.

Journalism Development Network өз кезегінде сотқа талап қоюға негіз жоқ екенін, мақалада айтылған болжамдарды Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) қолдағанын мәлімдеді.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз