Судья Тәжкенов сот процесінің жариялылығы туралы не біледі?
«Наша Газета» апталығының тілшісі Георгий Говоров 22 шілдеде Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына келді. Онда «Тобыл-инфо» АА журналисі Александра Сергазинованыңісі тыңдалды. Оған жала жапты деген айып тағылған.
Судья Сабыр Тәжкенов отырыстың басында Говоровтан процесс аяқталғанға дейін мақала жарияламауды талап етті. Кейін ол барлық бақылаушылар, ішінде Говоровта бар сот процесін жарияламау туралы қолхат беруі керек екенін айтты.
Говоров мұндай талапты орындаудан бас тартты. Өйткені, бұл талап заңда негізделмеген. Ол процеске бақылаушы ретінде емес, журналист ретінде қатысып отыр. Бұған судья Тәжкеновтің жауабы өзгеше болып, хатшыға Говоровты келесі отырысқа жібермеуді бұйырды.
«Наша Газета» редакциясы жағдайды түсіндіру үшін Қостанай облыстық сотына жүгінбекші.
С.Тәжкенов әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған соттың төрағасы қызметін атқарады.
«Әділ сөздің» түсініктемесі:
Судьяның әрекеттері сот процесінің жариялылығы принципіне қайшы келеді.
Ашық сот процесін шатастырған судьяның жарияламау туралы қол хат талап етуге құқығы жоқ.
Судьяның журналисті ашық сот отырысына жібермеу туралы бұйрығы да заңсыз, ол ҚР Әкімшілік Кодексінің 21-бабының 1-тармағына қайшы келеді, онда: «Сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) осы істер бойынша іс жүргізуді Ашық жүзеге асырады»делінген.
Судьяның заңсыз әрекеттері ҚР ҚК-нің 158-бабы журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру, журналистің құқығын бұзу болып табылады.