Атырауда журналист Олеся Вертинскаяны ұрып кетті
19 шілдеде «Дорожный контроль» ақпараттық порталының тілшісі Олеся Вертинскаяны өз үйінің жанында ұрып кетті. Ол үйден шыққан кезде оған белгісіз жігіт келіп көмек сұрайды. Артынша бетінен қатты соққы жасаған. Соққыдан құлап түскен Олесяны шабуылдаушы тебе бастайды. Кездейсоқ адам әйелге көмекке келіп, Олесяның ұлы жедел жәрдем шақырған. Компьютерлік томография мұрнының сынғанын анықтады.
Олеся Вертинская полицияға арызданды.
Айта кету керек шабуылдан бірнеше күн бұрын, 16 шілдеде Олеся белгісіз нөмірден хабарлама алады. Онда оған бір ЖШС-мен және оның иесінен «абай болу» туралы кеңес беріледі. Сол күні Олеся прокуратураға біреулердің қорқыта бастағаны туралы арыз жазып, өз өмірі үшін қорқатынын айтқан.
Ал 13 шілдеде №1 қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Вертинскаяға қарсы ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы («құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Мен прокуратураға шағым жаздым, содан кейін прокуратура бұл істі тоқтатты. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Менің ойымша, мұның бәрі қаңтар айында мені азаптаумен және Атырауда қызмет ететін ақтаулық сарбаз Медет Амангелдімен болған жағдайды жария етумен байланысты», - деді Олеся.
«Әділ сөз» Вертинскаяға құқықтық көмек көрсетеді.