«Тобол-Инфо» ақпарат агенттігінің журналисі Александра Сергазиноваға жала жапты деген айып тағылды
2022 жылғы 12 шілдеде Қостанай қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотында «Тобыл-Инфо»АА журналисі Александра Сергазиноваға жала жабу ӘҚБтК – нің 73-3-бабының 3-бөлігін бұзғаны үшін айып тағу бойынша істі қарау басталды.
Журналистің үстінен арызды Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әмір Омаров жазды. Оған 2022 жылғы 7 маусымда «Тобыл-Инфо» АА сайтында «Сядут ли на скамью подсудимых председатель коллегии адвокатов Костанайской области и чиновник из Департамента юстиции?»атты мақала себеп болған.
«Учаскелік полиция қызметкері 11 шілде күні кешке шұғыл түрде материалдарды толтырып, келесі күні сотқа берді. Сол күні маған қоңырау шалды, мен жолда болдым. Процесс басталды. Сондықтан дайындалуға іс жүзінде уақытым болмады», - дейді журналист.
12 шілдеде бірінші сот отырысында Александра Сергазинова журналист ретінде сот процесіне дайындалу үшін уақыт сұрады. Сот отырысы 22 шілдеге белгіленді.