Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Жоғарғы сот Сейтқазы мен Әсет Матаевтарды толық ақтады!

19 шілде 2022

19 шілдеде Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды толық ақтады.

«№2 Есіл сотының және Астана қалалық сотының апелляциялық сатысының шешімі қылмыс құрамының болмауына байланысты жойылсын және толық ақталсын. Мемлекет атынан біз заңсыз соттағаны үшін кешірім сұраймыз», - деді Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі төрағасы Әбдірашит Жүкенов өзінің ақтау үкімін жария етіп.

Судья Матаевтар қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өндіруге құқығы бар екенін айтты.

Матаев сот отырысына онлайн қатысты. Әсет Матаев «Әділ сөз» тілшісіне отырыстың қалай өткенін айтып берді:

 «Олар прокурорды тыңдады, прокуратура Нұр-Сұлтан қалалық сотының апелляциялық сатысына жаңадан сот талқылауына жіберуді сұрады. Адвокат сөйледі, мен сөйледім. Бас прокуратура қызметкерлеріне істі объективті қарағаны үшін алғыс айтып, соттан әділ шешім шығаруды сұрадым. Мұның бәрі басталған кезде, екі күн ішінде бізге МСҚБ-дан ғимарат туралы талап-арыздар келді, салықтан тексеру келді және қаржы полициясынан құжаттарды алуға келді.  Әрбір қылмыстың ниеті болуы керек. Біздің 1 теңге ұрлап, есесіне бар дүние-мүліктен айырылу мақсатымыз қандай? Біз бәрін өзімізге жаздық, ешқашан ештеңені жасырмадық, барлық транзакциялар банктік аударым арқылы болды. Алдымен Алматы әкімдігінде ақша жымқырды деген айып тағылып, Алматы әкімдігінде ұрлық таппай, басқа ұйымдарға бардық. Егер мен кінәлі болсам, оны абыроймен мойындар едім», – деді.

Матаевтар өздерінің кінәсіздігіне сеніп, қолдау көрсеткені үшін олардың босатылуын сұрағандардың барлығына алғыс айтты.

«Бізді қолдаған журналистер, ең алдымен Тамара Мисхадовна Калееваға, Ермұрат Бапи, Гүлжан Ерғалиеваға алғысымыз шексіз. Олардың барлығын тізіп шығу мүмкін емес, халықаралық ұйымдар тарапынан үлкен қолдау болды, біз әрқайсысына алғыс айтамыз, бұл үшін «рахмет» дейміз. Мұның бәрі тек өзіміз үшін емес, қоғам үшін, елімізде әділдік орнасын деп жасалды», – дейді Әсет Матаев.

Еске салайық, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев 2016 жылы өздері жасамаған қаржылық қылмыстары үшін тиісінше 6 және 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз