Кәсіпкер «Время» газетінің журналисі Злата Удовиченкоға қарсы арызын қайтарып алды
Орал қаласының N2 соты екі айға жуық уақыт бойы «Время» газетінің журналисі Злата Удовиченкоға қарсы «Ткалун Ю.В.» ЖК-нің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап арызын қарады. Арыздың құны 1 миллион 300 мың теңгені құрады.
Кәсіпкер Злата Удовиченконың 2022 жылғы 23 ақпандағы «Дорога, дорога, ты значишь так много»деген мақаласында көрсетілген ақпаратты шындыққа жанаспайды және оның ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп есептеді. Бір қызығы, кәсіпкердің мақаланы жариялаған «Время» газетіне шағымы болмаған.
Процесс барысында қорғаушы тарап сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді, құжаттарды, соның ішінде тәуелсіз пікірді, куәлардың, оның ішінде шетелден келген куәгерлердің, Злата Удовиченконың мақаласында баяндаған фактілерінің толық шындыққа сәйкес келетінін дәлелдей алды.
Нәтижесінде кәсіпкер өз талабынан бас тартуға мәжбүр болып, бұл туралы Орал қаласының N2 соты 2022 жылдың 11 шілдесінде тиісті ұйғарым шығарды.
З.Удовиченконы «Әділ сөз» қорының заңгері Сергей Злотников қорғады.