Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы 2022 жылдың 7-14 шілдесі аралығы
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жылғы 7-14 шілде аралығында Қазақстандағы пікір білдіру, ақпарат алу және тарату бостандығы жағдайына зерттеу жүргізді.
7шілде
Азаттық радиосы (Нұр-Сұлтан қ.)
Алматы әкімі журналистерге қаңтар оқиғасы туралы сұраққа жауап бермеді
ОКҚ-де өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев қаңтар оқиғасына байланысты сұраққа жауап берген жоқ.
Азаттық журналисі әкімдіктің Назарбаев даңғылының атауын Қаңтар даңғылы деп өзгерту және сол жерге қаңтар оқиғасы құрбандарына ескерткіш орнату туралы ұсынысқа қалай қарайтынын сұрады. Бірақ бұл сұрақты естіген Досаев журналисті итеріп, кетіп қалды. Мұны Азаттық тілшісі дөрекілік деп бағалады.
Брифинг екі сағатқа созылғанымен, кейбір журналистер сұрақ қойып үлгермеді.
Кейін Алматы әкімдігінің қызметкерлері Досаевтың журналистерге неліктен дөрекілік танытқанын түсіндіре алмады. Алматыда тоқсан сайын тұрғындармен сегіз кездесу өтетінін, оған журналистер де келе алатынын мәлімдеген.
7шілде
«Көкшетау Азия» (Көкшетау қ.)
Ақмола облысында авторлық құқықты бұзу туралы сот шешімі жойылды
2020 жылғы 5 наурызда «Көкшетау Азия» ақпарат агенттігі Ақмола облыстық сотының ақпаратын жариялап, интернетте алынған фотосуретті иллюстрация ретінде пайдаланады. 2022 жылдың басында«Издательская группа «ВК-медиа» (РФ, Краснотурьинск) Авторлық құқық объектісін заңсыз пайдаланғаны және құқық иеленушінің айрықша құқықтарын бұзғаны үшін «Көкшетау Азия» меншік иесінен 291700 теңге өндіріп алу туралы азаматтық талап арыз берді. 2022 жылдың14 наурызында ауданаралық экономикалық сот талап арызды қанағаттандырды.
Алайда, апелляциялық сот мұндай шешімді қате деп санады. Өйткені талапкер өзінің авторлық құқығын растайтын жеткілікті дәлел ұсынбаған.
«Талапкер дәлел ретінде ұсынған компакт-дискідегі фотосуреттің түпнұсқасында автор туралы мәліметтер жоқ», - делінген алқа шешімінің сипаттама бөлігінде.
9 маусымда Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін жойды.
7шілде
Юрий Гейст, «Диапазон» (Ақтөбе қ.)
Ақтөбеде мақала кейіпкері журналисті тәртіптік жауапкершілікке тартуды талап етті
«Диапазон» газетінің редакциясы «Алаяқтық туралы іс бойынша ақталған адам мемлекеттен шамамен 5 миллион өндіріп алды» («Диапазон», 23.06.2022) атты мақалаға орай шағым алды. Онда орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Н. Шәріповке қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қозғаған қылмыстық іс сотқа дейін тергеу барысында жіберілген ҚІЖК нормаларының өрескел бұзылуын анықтағаны және Н. Шәріпов ақталғаны хабарланды.
Н.Шәріпов мақала авторы Юрий Гейтс өзінің жеке деректерін жариялады деп есептейді.
«...осы мақалада менің жеке деректерім, толық аты-жөнім, жұмыс орным, лауазымым, заңсыз араласу учаскелері, сондай-ақ көрсетілген қылмыстық іс бойынша жеке шығындарым көрсетілген», - делінген шағымда.
Сонымен қатар, Н.Шәріпов бұл оқиғаны «Диапазонның» жариялауымен басқа БАҚ-тар да көтерді деп есептеді. Ол журналиске қатысты тәртіптік шара қолдануды, кешірім сұрауға мәжбүрлеуді талап етті. Олай болмаған жағдайда Н.Шәріпов сотқа жүгінбек.
7 шілде
Злата Удовиченко, «Время» (Орал)
БҚО СЭБ баспасөз қызметі журналисті елемеді
«Время» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Злата Удовиченко өз мақаласы жарияланғаннан кейін Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне СЭС дәрігерлері жинаған топырақ пен ауа сынамаларын талдау нәтижесіне қатысты сауал жолдады. Нәтиже Удовиченконың айтуынша, мүмкін емес зиянды заттардың ШРК-ның асып кетуін анықтамағандықтан, журналист бірнеше күн бойы сынаманың нақты қай жерде алынғанын анықтауға тырысты. Алайда департаменттің баспасөз хатшысы Адема Хасанова хабарламалар мен телефон қоңырауларына жауап бермеді.
8шілде
БАҚ (Нұр-сұлтан қ.)
Алматыда журналистерге Жанболат Мамайдың ісі бойынша сот отырысына қатысуға тыйым салынды
Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Қазақстанның тіркелмеген Демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамайға бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралды. Алайда журналистерге процеске қатысуға тыйым салынды.
«Журналистерге процесс басталғаннан екі сағаттан кейін отырысқа қатысуға тыйым салынды. Судья өз шешімін отырыс барысында қаңтар оқиғасы тергеуінің егжей-тегжейін айту жоспарлануымен түсіндірді», - деп хабарлады Orda.kz.
8шілде
Злата Удовиченко, «Время» (Орал қ.), Мария Мельникова, Азаттық радиосы (Орал қ.)
Батыс Қазақстан облысы ПД баспасөз хатшысы өте ұмытшақ болып шықты
Батыс Қазақстан облысында 2021 жылдың қарашасынан бастап аңшы инспектор Серік Маженовтың оғаш өліміне қатысты іс тергелуде.
«Время» және Азаттық радиосының өңірдегі журналистері Злата Удовиченко мен Мария Мельникова жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен қылмыстық істің жай жапсарынбілуге тырысып келеді. Іс алты айдан астам уақыт бойы тергелді, ал тілшілер бұл істі сотқа беру сәтін өткізіп алмауға тырысып аптасына екі-үш рет ПД баспасөз хатшысымен байланысып тұрды. Баспасөз қызметкері Дариға Мәжитова істің сотқа қашан берілетіні туралы хабарлауға уәде берді. Бірақ журналистер істің сотқа жеткендігін интернеттегі жазбадан білді. Дариға Мәжитовадан неге айтпағанын сұрағанда, баспасөз қызметкері «жүгіріп жүріп ұмытып кеткенімен»түсіндірді.
8шілде
Ульяна Ашимова, «Время» газеті (Петропавл қаласы)
Журналистің Петропавл қаласын абаттандыру мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап беретін ешкім болған жоқ
Республикалық «Время» басылымының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Ульяна Ашимова «Коммунхоз» МКК-ның Петропавлды абаттандырумен айналысатын компаниялар алдындағы берешегі туралы журналистік зерттеу жүргізді. Түсініктеме алу үшін ол кәсіпорын басшысына жүгінді. Алайда «Коммунхоз» МКК басшысы Жандарбек Айтбаев сұрақтарға жауап беруден бас тартты.
Ульяна Ашимова қосалқы мердігерлер алдындағы миллиондаған қарыз мемлекеттік тапсырысты бөлудің айла-амалдары салдарынан пайда болғандығын анықтады. Қала әкімдігі ақшаны «Коммунхозға» конкурссыз берген. Оның құжаттарында тек директор мен бухгалтер ғана бар. Мұндай мердігерді таңдау туралы сұрақтарға сол кезде жұмыс істеген қала басшысы Болат Жұмабеков жауап бере алар еді, бірақ ол шұғыл отставкаға кетті.
8 шілде
Бағдат Асылбек, Азаттық радиосы (Нұр-Сұлтан қ.)
20-дан астам журналист Алматы әкіміне сұрақ қоя алмады
Азаттық радиосының тілшісі Бағдат Асылбек Facebook желісінде шілденің 7-сі күні Орталық коммуникациялар қызметінің астаналық кеңсесінде 20-ға жуық журналист Алматы әкімі Ерболат Досаевқа сұрақ қоя алмағандығын хабарлады.
Асылбектің айтуынша, модератор әкіммен брифингті телетрансляцияның аяқталуына сілтей отырып, мерзімінен бұрын аяқтаған. Көптеген журналистер іс-шараны ұйымдастырушыларға наразылығын білдіріп, мемлекеттік қызметкер эфирден кейін де жауап бере алатынын, бұл әдеттегі тәжірибе екенін айтқан.
Әлеуметтік желіде «Мемлекеттік органдар жауап бермей, шенеуніктер дәліздерде қашып жатқан жағдайда, мұндай брифингтер сұрақ қоюдың жалғыз мүмкіндігі», - деп жазды журналист.
8 шілде
Манас Қайыртайұлы, Азаттық радиосы (Нұр-Сұлтан қ.)
Азаттық радиосының журналистеріне жалтарма жауап берді
«Азаттық» радиосының редакциясы елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасының миллиондаған долларлық мүлкіне қатысты кезекті зерттеу жүргізді.
Материалды дайындау барысында Азаттық елордадағы мемлекеттік және өзге де резиденциялардың, сондай-ақ облыстағы аумақтардың қалай орналасқанын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесіне, Болат Назарбаев Қорына елордадағы мемлекеттік және басқа резиденциялар, Үшқоңыр жәйлауындағы территория қалай жекеменшіктеріне өтті деген ресми сауалдар жолдады.
«Олар бізге ресми түрде жауап берді, бірақ хаттарда нақты сұрақтарға жауап жоқ. Назарбаевтың кеңсесі «бұл мәселелер біздің құзыретімізге жатпайды» деді, ал «Салиқалы ұрпақ» қоры құрылтайшысы Болат Назарбаев екенін растады, бірақ қайырымдылық акцияларының тізімімен шектелді», - дейді журналистер.
10 шілде
Анастасия Новикова, «Отырар» ТК (Шымкент)
Шымкентте журналистің күнбағыс майының қымбаттауына байланысты сауалы еленбеді
Елімізде күнбағыс майының қымбаттауына байланысты журналист Анастасия Новикова «Отырар» телеарнасының «Новости» бағдарламасына материал дайындады. Бағаның қымбаттау себебін білу үшін ол Қазақстан Республикасы май және май өнімдерін өндірушілер қауымдастығына жүгінді. Басында олар түсініктеме беруге уәде бергенімен, кейін журналисті елемей қойды. Қызықтырған сауалға жауап алу мүмкін болмады.
11 шілде
Майя Шуақбаева, Еуразия бірінші арнасы (Павлодар)
Павлодарлық журналист уәде етілген жауапты үш апта күтті
Маусымның 23-і күні «Еуразия бірінші арнасының» Павлодар облысы бойынша тілшісі Майя Шуақбаева Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау комитетіне соңғы үш жылда ауланған және атылған панасыз жануарлардың саны, иттердің адамдарға шабуылының саны және осы мақсатқа бөлінген қаражаттың көлемі туралы сауал жолдады. Журналист бейнекамера арқылы осы сұрақтарға жауап беруді өтінді. Кейбір сұрақтарға бірден жауап берілсе, қалғандарына 10 күн ішінде жауап беруге уәде етілді. Нәтижесінде үш аптадан кейін жауап алынды.
11шілде
Злата Удовиченко, «Время» (Орал қаласы)
Уәде беру-жауап беру деген сөз емес: БҚО ПД журналиске ақпарат берген жоқ
«Время» газетінің аймақтық тілшісі Злата Удовиченко Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінен (ПД) ұсталған ұрылар тобы туралы баспасөз хабарламасын алғаннан кейін ақпаратты толықтыру үшін екі сұрақ қойды. ПД баспасөз қызметінің қызметкері Дариға Мәжитова жауап беруге уәде беріп, сәл күте тұруды өтінді. Нәтижесінде ол ақпарат берген жоқ. З.Удовиченко баспасөз қызметінен нақтылауды күтіп жатқанда, қалған БАҚ полиция департаментінің баспасөз хабарламасын жариялады. Бұл уақытта хабарлама ескіріп қалды.
11 шілде
Злата Удовиченко, «Время» (Орал)
БҚО-да журналистің сауалдарынан кейін баспасөз хатшысы байланысын үзді
«Время» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Злата Удовиченко ӘКК «Ақжайыққа»– облыс әкімдігі мен серіктестік арасындағы келісім-шарттың қашан бұзылғанын және кәсіпорынның бюджеттен алған ақшасыныңсомасын хабарлау туралы екі сұрақпен жүгінді. ӘКК баспасөз хатшысы Нұрсәуле Аткеева жақын арада жауап беруге уәде бергенімен бір-екі сағаттан кейін ресми өтініш жазуды сұрады. Журналист сұрақтардың тым қарапайым екенін, тек нақтылайтынын айтқан. Баспасөз хатшысы басшылықпен сөйлесіп, бір жарым-екі сағаттан кейін хабарласуға уәде берді. Алайда қайтадан байланысқа шықпады.
12 шілде
БАҚ (Ақтөбе)
Ақтөбе облысындағы РСК жетекшісі журналистерге Google аудармашыны пайдалануға кеңес берді
Ақтөбе облысындағы РСК басшысы Әсия Нұрпейісова журналистік чатта облыс билігі шегірткеге қарсы қандай шаралар қолданып жатқаны туралы қазақ тіліндегі хабарламаны жариялады. Журналистер Нұрпейісовадан оның орысша нұсқасын сұрады. Ол орысша нұсқасы жоқ екенін, журналистерге аудармамен өздері айналысуды ұсынды.
«Мен Google аудармашы арқылы аударып жатырмын», - деп жауап берді Нұрпейісова.
Журналистердің наразылығына Әсия Нұрпейісова әкімдік қызметкері емес екенін, сондықтан оның үстінен шағым болмауы керектігін айтқан.
12 шілде
Анастасия Новикова, 31 арна (Шымкент)
Шымкентте «Қазақтелеком» АҚ 7 миллион теңгеге кеңсе тауарлары алынғандығын түсіндіре алмады
«Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы» «Қазақтелеком» АҚ-ның кеңсе тауарларына сөмкеге, чемоданға және әмиянға жеті миллион теңгеден астам қаражат жұмсағаны туралы деректі жариялады. Телеарнаның тілшісі Анастасия Новикова компанияға түсініктеме сұрап қайырылды. AҚ сұхбат беруге уәде берді, бірақ кейін басшылық мақұлдамағанын хабарлады.
12 шілде
БАҚ (Нұр-Сұлтан қ.)
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртановтың ісі бойынша сотта журналистерге жұмыс істеу шектелді
Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов сот отырысынан фото-, аудио - және видео түсіруге тыйым салды, деп шағымданды 24.kz. арнасының журналистері. Журналистер тіпті онлайн-трансляцияны да жаза алмайды.
Судья өз шешімін кейбір қатысушылар, соның ішінде журналистер сот жазбаларын редакциялап, содан кейін әлеуметтік желілерде таратып, судьяға әсер ететіндігімен түсіндірді.
«Дәл сол себепті біз қазір сот отырысының кадрларын көрсете алмаймыз немесе судья Әлкенов өз шешімін қалай түсіндіреді. Сотталушының өкілдері қабылданған қаулыға қарсы шықты. Елжан Біртановтың өзі судьяға қарсылық білдіргенін мәлімдеді, өйткені Әлкенов өзінің қоғамдық пікірге тәуелділігін мойындады», - деп хабарлады теледидар өкілдері.
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов судья Әлкеновті «Қылмыстық кодекстің 158 – бабын бұзғаны, 2-бөлігі-журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені, іс бойынша төрағалық етушінің өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, Конституцияның 77-бабының талаптарын жүйелі түрде бұзғаны үшін» заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдірді.
Біртанов пен оның адвокаттарының өтініштерін қараған Судья Тойғанбаев «журналистер судья Әлкеновке қарсылық білдіруді қарау жөніндегі сот отырысына қатыса алуы үшін бұл тыйымды алып тастап, үзіліс жасады».
13 шілде
Көркем Үсібалиева, «Отырар» телеарнасы (Шымкент қ.)
Шымкентте полицей түсірілім тобын қала күніне орай жарысты түсіруге жібермеді
Шымкентте «Отырар» телеарнасының журналисі Көркем Үсібалиева қала күніне орай ұйымдастырылған жүгіру жарысы туралы репортаж түсіруге келген. Спорттық іс-шарадағы тәртіпті полиция қызметкерлері қадағалады. Полицейлердің бірі түсірілім тобын жіберуден бас тартты. БАҚ өкілдері қызметтік куәліктерін көрсеткен. Алайда, полиция қызметкері журналиске дауыс көтеріп Көркем Усибалиеваны тәртіп бұзушы ретінде рәсімдейтінін айтқан. Журналистке жарысты полиция департаментінің баспасөз қызметі араласқаннан кейін ғана түсіруге рұқсат етілді.
13 шілде
Марина Низовкина, Atameken Business телеарнасы (Шымкент)
Шымкент қаласы әкімдігі 5,7 млрд теңге тұратын саябақтың құрылысы туралы ақпарат бермеді
Әлеуметтік желіде Шымкент әкімшілігі 5,7 млрд. теңгеге саябақ салуға ниетті екені туралы ақпарат тараған болатын. Бұл лот мемлекеттік сатып алу веб-сайтында жарияланды. Мұндай қомақты ақша қандай мақсатқа жұмсалатыны туралы Atameken Business телеарнасының журналисі Марина Низовкина ішкі саясат басқармасынан білуге тырысты. Бұл жоба туралы олар басқа бөлiм құрылыс бөлімінің басшысы А. Рабаев айтып береді деді. Кейіннен байланыс мүлде үзілді. Деректерді алу мүмкін болмады.
11 шілде
БАҚ (Петропавл)
Петропавл қаласының журналистері шенеуніктердің камераға түсініктеме беруден бас тартуына шағымданды
11 шілдеде «Хабар 24» және «Первый Северный» арналарының редакциясы қалалық әкімдікке Парковая-Порфирев-Әуезов-Таштитова көшесіндегі жаңа 72 пәтерлік үйге қоныстанумәселесіне қатысты видео түсініктеме беру туралы өтінішпен жүгінді. Үй 2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілді, алайда абаттандыру жұмыстары әлі жүргізілмеген және сыртқы инженерлік желілер жоқ. Петропавл әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ибраев жағдайды түсіндіріп, WhatsApp мессенджеріндегі «БАҚ және баспасөз хатшылары» деген жалпы чатқа ақпарат жіберді. Бірақ сюжетке интервью беретін спикерді ұсынудан бас тартты.
Тележурналистердің пайымдауынша, жаңалықтар сюжетінде әкімдік қызметкерінің видеокомментарийі сенімдірек болып көрінетін еді.
14 шілде
«Вечерний Алматы», «ҚазТАГ» ХАА (Алматы қ.)
«Қазақтелеком» сыни мақалалар үшін екі БАҚ-ты сотпен қорқытты
23 маусымда «Вечерний Алматы» газеті «Недобросовестный оператор: «Казахтелеком» занимается сомнительными делами на рынке связи» атты мақала жариялап, онда «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінің редакциялары орынсыз тарифтер бойынша секундына 8 мегабит интернет-байланыс қызметін алдығын жазады.
Арада біраз уақыт өткен соң басылымның меншік иесі «Alatay Aqparat» ЖШС сотқа дейінгі шағым алды, онда «Қазақтелеком» АҚ таратылған мәліметтерді теріске шығаруды талап етіп, олай болмаған жағдайда сотқа жүгінетінінмәлімдеді.
Дәл осындай сотқа дейінгі хабарламаны «ҚазТАГ» ХАА редакциясы да алды, ол «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған мақалаға сілтеме жасаған болатын.
14 шілде
Данат Намазбаев (блогер) (Алматы қ.)
Алматы қалалық сотында танымал блогердің ісі бойынша апелляцияны қарау басталды
Алматы қалалық сотында қазақстандық блогер Данат Намазбаевтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды.
2022 жылы 14 наурызда Д. Намазбаев Facebook-тегі екі жазбасы үшін «билікті күштеп басып алуды насихаттады немесе көпшілік алдында шақырды» (ҚР ҚК 179-бабы) деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Блогер өз посттарының бірінде Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы, екіншісінде Украинадағы соғысқа қарсы сөз сөйледі. Бұл туралы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро хабарлады.
Сотталушының адвокаттары үкімді заңсыз деп санайды және бірінші сатыдағы сот жіберген көптеген іс жүргізу бұзушылықтары, психо-филологиялық сараптамадағы қателіктер туралы мәлімдейді. Қорғаушының пікірінше, Намазбаевтың іс-әрекетінде билікті құлатуға немесе басып алуға «шақыру» мүлдем жоқ.
«Данат өз посттарында жемқор элитадан ұрланғандарды қайтару, мұқтаж қазақстандықтарға көмек беретін қор ұйымдастыру туралы айтқан ойларын сот экстремистік деп таныды. Сот шешімінің абсурдтығы, біздің президент өз сөздерінде жаңа Қазақстанды құруға шақыра отырып, сол мәселелерді ішінара қозғады», - деп санайды сотталушының жұбайы Әлия Намазбаева.
Мониторинг «Әділ сөз» қоры тілшілерінің хабарламалары және ашық көздерден алынған ақпарат бойынша дайындалды.
«Әділ сөз» қорының мониторингтік қызметінің басшысы
Елена Цой
e-mail: lena@adilsoz.kz
Барлық сұрақтар бойынша мониторинг сіз info@adilsoz.kz жазыңыз.