Тергеу құпиясы - бәріне бірдей емес пе? Әбжан ісін кім ашты?
Тергеу құпиясы бар екенін тек адвокаттар ғана білмейді. Ал заңгерлер (кем дегенде есте сақтауы керек):
«ҚР ҚПК 201-баптың 1-тармағында: «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды. Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін» дегенді жатқа білуі тиіс.
Журналист Махамбет Әбжан 5 шілдеде қамауға алынды. Ал кейбір БАҚ-тар оның кінәсін мойындағанын егжей-тегжейлі сипаттап, тұлғаның беделін түсіру үшін қара күйе жағу үшін аянып қалмауда. Осы жылдың ақпан айында құрылған PRIME TIME kz БАҚ/жаңалықтар компаниясы мен «Нурсултанский соловей» телеграмм-арнасы ерекше белсенділік танытуда.
Алдын-ала тергеу деректерін жариялауға қай прокурор рұқсат берді? Қалай болғанда да, кім не үшін таратуда?