Әбжан кінәсін мойындамайды!
14 шілде 2022
«Әділ сөз» Махамбет Әбжанның адвокаты Төлеген Шаиковқа Махамбеттің кінәсін мойындағаны және өзінің кінәлілігі туралы ауқымды айғақтар бергені туралы жазбалардың қаншалықты шынайы екендігі туралы сауал жолдады.
Адвокат тергеу құпиясын сақтай отырып: «Әбжан кінәсін мойындамайды!» деп жауап берді.
Мұндай жағдайда прокуратура органдарына ҚР Қылмыстық кодексінде «көрінеу жалған ақпарат тарату»деген 274-баптың бар екенін еске салу орынды деп санаймыз. Ол мұндай әрекет «азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру»қаупін туғызған кезде жауапкершілікті көздейді. Бұл бап сөз бостандығын шектеу үшін өте танымал. Тұтқындалған журналистің мүдделерін қорғау үшін ол сұранысқа ие бола ма?-деген сауал тудырады.