Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы 2022 жылғы 29 маусым - 6 шілде

8 шілде 2022

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Қазақстандағы 2022 жылғы 29 маусым мен 7 шілде аралығында пікір білдіру, ақпарат алу және тарату бостандығы жағдайына зерттеу жүргізді.

 

1шілде

Nur.kz, Newtimes.kz, Ratel.kz, Inbusiness.kz

 

Желіде танымал жаңалықтар сайттарының жаңа клондары пайда болды

Ratel.kz аналитикалық порталының негізін қалаушылардың бірі Марат Әсіпов Facebook-те қазақстандық БАҚ-тың көшірме сайттары туралы айтты.

«Тағы да көшірме. Жау ұйықтамайды», - деп жазды ол.

Сайттардың көшірмелеріне Nur.kz, Newtimes.kz, Ratel.kz домендік атауларына бір-бірден қосымша әріп қосқан. Nur.kz сайтына «u» әрпі, Newtimes.kz сайтына «s» әрпі, Ratel.kz сайтына «t» әрпін қосқан.

Бұл көшірме сайттардың барлығы Нұрлан Әлиев есімді қолданушыға тиесілі дейді Марат Әсіпов. Жалған сайттар иесінің мекен-жайы – Қарағанды, пошталық индексі – Алматы, телефоны – орысша жазылған.

«Біз арызданған Алматы полициясы тоғыз күн ішінде алты орындаушыны ауыстырды. Көп ұзамай полиция бөлімінде бұл іспен айналысатын қызметкерлер қалмайды. Қаңтар айында департамент ғимаратын қоршап алып оқ атқан қарақшылардан апаттың алдын алу оңайырақ сияқты.

Елдің ақпараттық қауіпсіздігі тек бұқаралық ақпарат құралдарының өздеріне ғана қажет сияқты», - деп жазады Ratel.kz.

Қазақстандық көшірме БАҚ тың сайттарына оңай кіруге болады. ATAMEKEN BUSINESS «MEDIA HOLDING» ЖШС Бас директоры Қанат Сахария 31 маусымнан 1 шілдеге қараған түні inbusiness.kz. сайтының көшірмесі пайда болғанын мәлімдеді.

 

3 шілде

Telegram, Facebook. Михаил Козачков (Алматы қаласы)

Ақпарат министрі журналиске төнген қауіпті айыптады және тергеуді бақылауға уәде берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Алматылық журналист Михаил Козачковпен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

АҚДМ-нің осы мәселе бойынша ұстанымын түсіндіре отырып, ведомство басшысы жағдайды мұқият қадағалайтынын және сөз бостандығына кепілдік беретін конституциялық нормаларға сілтеме жасай отырып: «Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға және таратуға құқығы бар. Әрине, министрлік БАҚ өкіліне, сондай-ақ оның мүлкіне қатысты мұндай заңсыз әрекеттерге ешқандай себеп жоқ. Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттерге тез арада құқықтық баға береді деп сенемін. Өз тарапынан министрлік журналистке қатысты құқықтар мен бостандықтардың шектелуін болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында берілген мүмкіндіктер шеңберінде тергеу барысын қадағалайтын болады» деді.

Еске салайық, Козачков Алматы қалалық әкімшілік полициясының бастығы Нұрлан Аманбектің ұлы болуы мүмкін тойдан видео жариялағаннан кейін оған қоқан-лоққы жасалып, бейнежазбаны алып тастауды талап еткен. Белгісіз біреулер оның көлігін бүлдіріп, балағат сөздер жазған. Козачков бұның бәрі кәсіби қызметімен байланысты екеніне сенімді.

Журналист полицияға арыз жазып, Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтан тергеуді бақылауға алуын сұрады.

 

3 шілде

Махамбет Абжан, ABZHANNEWS (Нұр-Сұлтан қ.)

Журналист Махамбет Әбжан 50 млн теңге бопсалаған деген күдікпен қамауға алынды

3 шілде күні таңертең Астанада Abzhan NEWS Telegram-арнасының негізін қалаушы Махамбет Әбжан ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, журналист жалған ақпаратты таратпағаны үшін кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған деп күдіктелуде. Антикордың ақпараты бойынша, Әбжан ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Бір қызығы, ақша қолма-қол берілді. Бірден оқиға орнынан фотосуреттер мен видео пайда болып, дереу пресс-релиз таратылды. Бақылаушылардың пайымдауынша, бұлжурналистің жоғары лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін зерттеуді тоқтатуы үшін жасалды деп болжауға болады. 

3 шілдеде Махамбет Әбжан тұратын үйде және оның анасының үйінде тінту жүргізіліп, полиция қызметкерлері жеке смартфондарын тәркіледі.

Сол күні ABZHANNEWS редакциясы кезекті рет Telegram арнасын бұзу әрекеті болғаны туралы хабарлады.

5 шілдеде Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Әбжанды 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

 

04 шілде

Ольга Воронко, Ratel.kz (Павлодар)

ДП басшысы журналиске қарамағындағы қызметкерін не үшін жұмыстан шығарғанына жауап бере алмады

Ratel.kz порталының Павлодар облысындағы тілшісі Ольга Воронко Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыровқа облыстық полиция басқармасының көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиевтің не себепті қызметінен босатылғанына қатысты сауалмен жүгінді. Жасқайрат Қайыров қарамағындағы қызметкерін жұмыстан шығару себебін білмейтінін айтып, ешқандай мәлімет бермеді.

 

4 шілде

Наталья Луговская, Alau.kz, (Қостанай)

Қостанай облысының ДП барлық сауалдарға бір жауап

Alau.kz телеарнасының тілшісі Наталья Луговская Қостанай облысы бойынша полиция департаментіне Қостанайдағы атышулы жол апатына қатысты сауал жолдады.

Баспасөз қызметі журналистке бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Оқиғаның мән-жайы, зардап шеккендер туралы БАҚ өкіліне басқа мәліметтер айтылмады.

«Бізге 21 маусымда үш бала зардап шеккен оқиға туралы «құрғақ» жауап берілді. Полиция оқиғаның егжей-тегжейлерін неге жария етпейтіні белгісіз. Журналистің сауалына жауапта толық мәлімет жоқ. Оларда: «Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр деген бір ғана жауап бар», - дейді журналист.

 

4 шілде

Шымкенттегі БАҚ

Шымкент әкімі елордаға «өз» журналистерімен келді

Шымкенттік тәуелсіз журналист Зәуре Мирзаходжаева өзінің Facebook парақшасында Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  7 шымкенттік журналисті ертіп келгенін жазды. Залға жиналғандардың басым (13-тің 7-і) бөлігін облыстық баспасөз өкілдері құрады.

Зәуре Мирзаходжаева әкіммен бірге келген БАҚ үш жылға Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік тапсырысын алғанын айтады. Сондықтан да болар Әйтенов сол күні өткір сауалдар естімей, керісінше, жайбарақат отырып, өзінің дайындалған сөзін ұзақ айтып, кейін елордаға өзімен бірге келген журналистердің сауалдарына да дәл осылай жауап берген.

Мирзахожаева Facebook парақшасында журналистер кімнің есебінен ұшқанын, қонақүй мен жол ақысын кім төлегенін, сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметіндегі есеп беру кездесуінде шымкенттіктердің ең өткір, ең өзекті және ең ауыр сұрақтары әкім Әйтеновке неге қойылмағанын сұрады.

 

4 шілде,

Нұржан Баймолдин, Илья Шәкіров, «Көкшетау Азия» (Ақмола облысы)

Бестөбеде «Көкшетау Азия» түсірілім тобын аңдыды

«Көкшетау Азия» түсіру тобының шеф-редакторы Нұржан Баймолдин және видеограф Илья Шәкіров - Ақмола облысындағы «қара кеншілер» туралы материал дайындады. Журналистер Степногорск қаласының маңайында болды. Онда алтын қоры бар және мемлекетті айналып өтіп, заңсыз қазбаларды өндіру фактілері орын алуда.

Бестөбе кеншілер кентінде журналистер экоактивист Николай Катчиевпен кездескен. Ол бұл тақырыппен таныс емес екенін түсіндіріп, жағдайға түсінік беруден бас тартқан. Алайда, онымен сөйлескеннен кейін журналистер өздеріне аңдуды байқаған. Алдымен Катчиевпен сөйлескен кезде болған жігіт рулінде отырған көлік аңдыған. Содан кейін әрекеті күдікті ер адам келген.

Журналистер Катчиевпен кездесуден бұрын жарты күн бойы Бестөбеде болғандарын және күдікті ештеңе байқамағандарын айтады.

 

5 шілде,

Марина Низовкина, «Atameken Business» ТК (Шымкент қ.)

Шымкент қаласының прокуратурасы журналиске пікір айтып бермеді

Шымкенттегі «Atameken Business» телеарнасының меншікті тілшісі Марина Низовкина балабақшалардағы тамақтану тексерісі туралы материал дайындайды. Тексерісті қалалық прокуратура қызметкерлері жүргізді. Журналист ведомствоның баспасөз қызметіне жүгінеді. Олар сұхбат беретін спикер дайындауға уәде берді. Бірақ кейінірек тексеру жүргізген прокурор уақыты жоқ екенін айтқан. Бірнеше күннен кейін ол тек мемлекеттік тілде ақпарат беруге уәде берген.  Нәтижесінде Марина Низовкина түсініктеме ала алмады. Енді журналист Бас прокуратураға шағым жазуға ниетті.

 

 5 шілде

Анастасия Новикова, «31 арна» телеарнасы (Шымкент)

ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелде із-түзсіз жоғалған қазақстандықтар туралы сұраққа жауап бере алмады

31 арнадағы «Информбюро» бағдарламасының редакциясына Талғар қаласының тұрғыны хабарласты. Ол қызының Түркияға жұмысқа кеткенін, 2022 жылдың наурыз айынан байланысқа шықпағанын айтқан. Әйел Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған. 30 маусымда редакция ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Т.Б. атына сауал жолдап, редакция келесі сұрақтарға жауап беруді сұрады: Қызды іздеуде қандай жұмыстар жүргізілуде? Қазіргі уақытта не белгілі? Қазақстандықтар шетелде із-түссіз жоғалып кетуі қаншалықты жиі кездеседі? 2018-2022 жылдары шетелдегі қазақстандықтардың сексуалдық немесе еңбек құлдығына ұшыраған фактілері қанша болды? Сыртқы істер министрлігі сауалға жауап бермеді.

 

Шілде, 05

Катерина Попкова, «Хабар 24» ТК (Шымкент қ.)

Шымкент әкімдігі 5,7 млрд теңгенің құрылысы туралы түсінік бере алмады

Мемлекеттік сатып алу порталында Шымкентте 5 772 170 827 теңге тұратын саябақ салу туралы лот пайда болды. «Хабар 24» телеарнасының журналисі Катерина Попкова қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне осы лотқа түсініктеме беру туралы сауал жолдады. Әкімнің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс бұл ақпаратты құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев беретінін айтты. Алайда А.Рабаев журналистің қоңыраулары мен хабарламаларына жауап берген жоқ. Кейін Б.Қоныс өзі де басқарма басшысымен байланыса алмағанын және қажетті деректер қолында жоқ екенін хабарлады.

 

5 шілде

Оңғар Бауыржанұлы «Павлодарньюс» АА (Павлодар)

Мәдениет сарайының директоры журналистердің жақындауына тыйым салды

Павлодарда елорда күнін тойлау кезінде полиция мен концертті ұйымдастырушылар журналист пен «Ертіс» телеарнасының түсіру тобын Павлодар жағалауындағы сахна алдындағы қоршаудың артына өткізбеді. БАҚ қызметкерлері сахнадан фото және бейнематериалдар жинау керектігін түсіндіруге тырысты, бірақ ұйымдастырушылар қалалық мәдениет сарайының директорына сілтеме жасап, журналистерді жақындатуға тыйым салды мыс. Кеште қала тұрғындары алдында жергілікті өнер ұжымдары, шақырылған әртістер – «Домино» тобы мен Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсеткен.

 

6 шілде

Сергей Ефремов, блогер, экологиялық белсенді (Шымкент)

Мемлекеттік табиғи парк директорының орынбасары экоблогерден 500 мың теңге талап етіп отыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында «Түркістан-Сырдария» мемлекеттік табиғи паркі директорының орынбасары Ақыл Әбдіқадыровтің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап арызы қаралып жатыр. Жауапкер – блогер, табиғат қорғаушы Сергей Ефремов. Ол Түркістан облысында облыстық балықшылар федерациясының президенті және «13кордон» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы ретінде де танымал. Қозғалыс мүшелері заңсыз балық аулау және аңшылықпен күресумен айналысады, сонымен қатар браконьерлік аулауды тоқтатуға тырысады.

А.Әбдіқадыровтің ағымдағы жылдың наурыз айында Экология вице-министрі Әлия Шалабековамен кездесуі кезінде белсендінің айтқан сыни пікірлері А.Әбдіқадыровке тіл тигізу деп бағаланды. Кездесу бейнетаспаға түсірілді.

Сергейдің өзі директордың орынбасары блогер жасаған репостқа көбірек ашуланғанына сенімді. Ақыл Әбдіқадыров өз парақшасында атып алған төрт қасқыр мен құстың өлекселерімен суретін жариялайды. Ефремов аңшылық олжалардың арасында қызыл кітапқа енген дудақтың өлексесі бар деген болжаммен суретті репост жасады. Алайда бұл тармақ талап арызда көрсетілмеген.

Талапкер 500 мың теңге моральдық залалды талап етуде. Айтпақшы, директор орынбасарының адвокаты Еркін Қахаров сотқа БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы шықты.

 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз