Әбжанға бұлтартпау шарасын тағайындау соты алты сағатқа созылды
5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Махамбет Әбжанға бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесін қарап, журналисті екі айға қамауға алу туралы қаулы шығарды. Мұндай шешім қабылдау үшін сотқа алты сағаттан астам (егер отырыстың 4 шілдеден 5 шілдеге ауыстырылуын ескерсек онда бір күннен артық) уақыт керек болды.
Әбжанның адвокаты Бауыржан Азановтың айтуынша, осы уақыт ішінде айыптаушы тарап қамауға алу қажеттілігін дәлелдей алмады. Ал Әбжан, керісінше, өзін өте белсенді қорғап, прокурор мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көптеген сауатты сұрақтар қойған.
Журналиске отырысқа онлайн-режимде қатысуға тура келді. Адвокат оны сот залына әкелу туралы өтініш білдірді, бірақ сот себебін түсіндірместен бас тартты.
Әбжанның басқа БАҚ-тардағы әріптестері, соның ішінде алыс шетелдерден де «мазасыз» журналистің ұсталғаны туралы болжам айтқан болатын. ABZHAN NEWS Telegram каналында көптеген жоғары лауазымды шенеуніктер мен олардың туыстарының мүдделеріне әсер ететін жазбалар болуы мүмкін деген нұсқа басым.