Матаевтар ісі: әділдік орнай ма?
Заңгер Джохар Өтебеков жақсы жаңалығымен бөлісті – Бас прокуратура ҚР Журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық жаңалықтардың бас директоры Әсет Матаевқа қатысты үкімге наразылық берді. Жоғарғы сот отырысы алдағы екі аптада өтуі мүмкін.
Еске салайық, 2016 жылдың 3 қазанында экономикалық қылмыс жасады деп айыпталған Сейітқазы Матаев 6, Әсет Матаев 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Олар тағылған айыпты барлық баптар бойынша жоққа шығарды, өз кінәларын толық мойындамады. Бірқатар ұлттық, халықаралық журналистік және құқық қорғау ұйымдары қылмыстық қудалау мен сот үкімі тапсырыспен жасалған саяси астары бар деп санады. Сейітқазы 2017 жылдың желтоқсанында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылса, Әсет 2018 жылдың наурыз айында түрмеден шықты.
Содан бері жоғары сатыдағы соттардың үкімдердің күшін жою туралы өтініштерінің барлығы қанағаттандырусыз қалды. «Әрине, қоғамдық-саяси жағдайда белгілі бір өзгерістер бар екенін мойындамасқа болмайды. Бұл, әрине, сот реформасын, кейбір оң өзгерістерді қамтиды, бірақ бұл көбіне саяси жағдайдағы өзгерістердің жемісі. Бұған дейін Сейітқазы Матаев сот отырысында, іс жүзінде жауларының аты-жөнін жариялаған болатын», - деді Джохар Өтебеков.