Тараздағы кикілжің: оқиғаның екінші нұсқасы
22 маусымда «Әділ сөз»«Время»газетінің журналисі Айжан Әуелбекованың«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағында орналасқан Арбаттағы сауда туралы репортаж жасағанда оған шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған еді.
29 маусым күні «Әділ сөз» қорының электронды поштасына жанжал орын алған Тараздағы базарда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің бірінен хат келіп түсті. Автордың айтуынша, журналист жеке меншік аумақта болған. Өзін таныстырмаған, агрессивті әрекет жасаған. Хат авторы мұнда жеке қызығушылық бар деген болжамын айтады. Өйткені, тілшіні ғимарат иесімен бұрын жақын таныс әрі досы болған адам ертіп жүрген. Хат авторының айтуынша, Айжан Әуелбековамен бірге келген әйел ғимарат иесі мен өзге де тұлғаларға балағат сөздер айтқан.
«Қудалау, өтірік және резонанс бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бірінші қатарда бізде кәдесый дүкендері, галерея, кондитерлік дүкендер, сұлулық салондары, наубайхана, тур-агенттік, ұялы байланыс салоны бар, бірақ қандай да бір себептермен тілші оны өзінің редакциялық тапсырмасы үшін түсіруді қажет деп санамады»,-делінген хатта.
«Әділ сөз» қоры орын алған жанжалда біреудің жағына шықпайды. Жан-жақты және объективті ақпарат беруді ғана қолдайды. Жағдай өркениетті құқықтық сипатта шешіледі деп үміттенеміз.