Бауыржан Азанов: Әбжанның ісі бойынша тергеуді оған уәкілетті емес орган жүргізуде
4 шілде 2022
Махамбеттің көңіл-күйі қалыпты, - деп хабарлайды журналистің адвокаты Бауыржан Азанов. «Кеше күні бойы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу амалдарын жүргізді, содан кейін кешке оны уақытша ұстау изоляторына апарды.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі - мүлкін тәркілеумен жеті жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін аса ірі мөлшердегі бопсалау бойынша қозғалып отыр. Қорғаушы тергеудің егжей-тегжейлері туралы айта алмайды. Олар одан жария етпеу туралы келісімін алған. Тергеуді уәкілетті емес орган жүргізіп жатқандығы анық. Заң бойынша 194-баптың 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет емес, ішкі істер органдары тергеп-тексеруі тиіс» деп жазды Бауыржан Азанов.