Махамбет Әбжанның ісі: сот кейінге қалдырылды, адвокатты жарияламау туралы келісіммен «байламақ»
Махамбет Әбжанның бұлтартпау шарасын анықтау бойынша сот отырысы 5 шілдеге шегерілді. Оған 4 шілде күні сот өтетін ғимаратқа Әбжанды жақтаушылар мен журналистердің көптеп келуі себеп болған сияқты.
Әзірге тергеу жалғасуда. М.Әбжанның адвокаты Бауыржан Азанов 4 шілде де өз парақшасында:
«Тергеуші маған Әбжан Махамбетке қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері бойынша жария етпеу туралы келісімге қол қоюды ұсынды.
Махамбет менің кез-келген түбіртектерге қол қоюыма үзілді-кесілді қарсы екенін айтты. Мен қолхатқа қол қоюға міндеттейтін норманы көрсетуді ұсындым. Тергеуші маған барлығын бейнекамераға айтуым керектігін айтты. Оған бейнежазба жасауға қарсы екенімді еске салуға тура келді. Бұл видеоның ғаламторда және БАҚ-қа шығып кетпеуіне қандай кепілдік бар? Шілденің 3-і күні таңертең Әбжан Махамбетке қатысты тергеу әрекеттері түсірілген бейнежазба ғаламторда тарап кетті.
Мұндай кепілдік бар ма?» деп жазды.