Антикор - сот емес!
3 шілде 2022
Махамбет Абжан ұсталғаннан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірден баспасөз хабарламасын таратты:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та таратылатын ақпарат арқылы беделіне нұқсан келтіремін деп қорқытып, кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалаған азамат М.А.-ның қылмыстық әрекетінің жолын кесті».
Сыбайлас жемқорлықпен күресушілерге ел Конституциясында бекітілген кінәсіздік презумпциясын әлі ешкім жоймағанын еске салуға мәжбүр, тек сот ғана адамды қылмыскер деп атай алады. Әбжан «қылмыстық іспен» айналысты ма, жоқ па оны әлі дәлелдеу керек.