Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналистік зерттеу: шынайы қауіп және тұрақсыз қорғаныс. Михаил Козачков шабуыл астында

3 шілде 2022

30 маусымда журналист Михаил Козачков өзінің kozachkov offside телеграмм-каналында, сондай-ақ Facebook-те сән-салтанатты үйлену тойының бейнежазбасын жариялады. Бұл үйлену тойына журналистің есептеуі бойынша, шамамен 50 миллион теңге жұмсалған.

Болжам бойынша ол Алматы Әкімшілік полициясының бастығы Нұрлан Аманбектің ұлының тойы болғанын хабарлады.

Жазба жарияланғаннан кейін полиция қызметтік тексеру бастады. Ал журналистке ескерту жасалып, қауіп төндірді, оның көлігіне қорлайтын сөздерді сызып жазды.

М.Козачков полицияға арызданған. Кінәлілерді тауып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 158-бабы «Журналисттің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» бойынша жазалауды талап етеді. Еске салайық, тәуелсіздік жылдарынан бері бұл бап сотта бір рет, 2005 жылы ғана қолданылған.

«Әділ сөз» өз кезегінде өткен жылы «Құқықтары бұзылған журналистерді қолдау туралы ережені» әзірлеген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне үндеу әзірлеп, осы ведомство Козачковтың журналистік зерттеу кезіндегі қауіпсіздігін (жарайды, кем дегенде «қолдау») қалай қорғайды деген сауал жолдайды.

Айтпақшы, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасында нақты перспективалар белгіленді: «журналистердің құқықтарын қорғаудың заңнамалық шектері мен кепілдіктерін айқындау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы журналистік тергеу жүргізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік қолдауды енгізу». Бекітілген тұжырымдамада: «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде журналистердің өкілеттіктері мен құқықтарының әлеуетін барынша толық пайдалануға ықпал ету» міндеті ұтымды қойылған. Бұл ретте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелерінде журналистердің әлеуетін кеңейту мәселесін пысықтау» деген егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарындағы № 50 іс-қимылды АҚДМ Антикормен бірге 2023 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асыруға тиіс.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз