Таразда базар сатушылары «Время» газетінің журналисіне шабуыл жасады
Маусымның 21-і күні «Время» газетінің журналисі Айжан Әуелбекова «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені аумағында орналасқан Арбаттағы сауда туралы репортаж жасайды. Бұл саудагерлерге ұнамайды. Олар журналистің телефонын тартып алмақ болып, айыптап, кейін оны сауда нүктелерінің біріне қамап тастаған. Айжан полицияға хабарласып, шабуыл мен заңсыз ұсталғаны туралы хабарлаған соң ғана босатылды.
«Маған шабуыл жасаған адамдар жалған жала жауып өз әрекеттерін видеоға түсірді. Мені (сауда алаңының алдындағы қақпаны жауып)күшпен ұстап алды. Полицияға хабарласып, арыз жаздым. Бұл адамдар «Время» газетінің редакциясына да жала жапқан. Қазір бұлар әлеуметтік желіде жағымсыз нәрселерді жазады, бұл менің ар-намысыма, іскерлік беделіме әсер етеді», — дейді Айжан Әуелбекова.