Журналистер үшін жаңа шекаралар: кедергісіз жол - қасқыр билет
15 маусымда Нұр-Сұлтанда БАҚ туралы жаңа заң бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиында АҚДМ мамандары өздерінің бейберекет ұсыныстарын оқып берді. Ар-намыс пен абыройды қорғау, алкогольсіз сыраны жарнамалау істері бойынша талап қою мерзімін қысқартуды айтты.
Блогерлерді тіркеуге, тіпті оларды қаржыландыруға (әрине бәрін емес, ең пайдалысын)қатысты ұсыныстар бар. Ақпарат агенттіктерін желілік БАҚ санатына жатқызу ұсынылып отыр. Жаңа ереже бойынша барлық БАҚ қайта тіркелуі тиіс.
Кездейсоқ ұсыныстар көп. Министрлік өзінің орасан зор өкілеттіктеріне тағы бір нәрсе қосқысы келеді: өз ішінде әдеп жөніндегі комиссия құру. Комиссия қажет деп тапса шағымдарды қарайды, аккредитацияны қайтарып алады. Бұл кейбір жаңа, әлі мәні ашылмаған аккредитацияға қатысты. Бәлкім, журналистің бүкіл қызметіне арналған. Аккредиттелген журналист жеңілдетілген ипотекалық несиеге, мәдени іс-шараларға тегін кіруге құқылы болады. Аккредитация қандай салдарға әкеп соғады, ол «қасқыр билетке» айнала ма, жоқ па, ол жағы түсіндірілмеген.
65 адамнан тұратын жұмыс тобында біз АҚДМ-нің жаңалықтарын алғаш естідік. Оны талдауға үлгермедік.
16 маусымда АҚДМ жұмыс тобының мүшелері үшін WhatsApp чатын құрып, оған өз ұсыныстарын орналастырды.