Алауыздық тудырмады, бірақ кінәлі болуы мүмкін
Степногорлік экобелсенді Артем Сочневке қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Сараптама оның алауыздықты тудырмағанын және ешкімді заңсыз ештеңеге шақырмағанын растады. (Құқық қорғау органдарына жағдайды анықтау үшін үш ай қажет болды. Тағы екі ай қаулының тергеу объектісіне жетуіне кетті).
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні экобелсенді Артем Сочнев Степногор қаласының орталық алаңына жаңаөзендіктерді қолдау мақсатында жеке пикетке шыққан болатын. Жақын жерде ешқандай адамдар болмаған. Белсенді аязда алаңда жалғыз жүрген. Facebook-те тікелей эфирге шығып, жаңаөзендіктерді неге қолдағанын, елдегі проблемалар туралы ойларын айтқан. Полицейлер оны әлеуметтік алауыздықты қоздырды деген күдікпен ұстап (ҚР ҚК 174-бабы, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру), содан кейін куәгер мәртебесінде қорғану құқығымен жауап алуға шақырған. Үйінде тінту жүргізіп және фотоаппаратты тәркіледі.
Алайда, Артемге қуануға әлі ерте. Өйткені, оның қылмыстық іс бойынша кінәсіздігіне көз жеткізіп, Степногорск полиция басқармасының тергеушісі капитан Е. Б. Қабиденов егер ол пикет кезінде митингілер туралы заңды бұзса белсенді әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін дейді Сондықтан іс материалдарын Степногор полиция басқармасының жергілікті полиция қызметіне «соңғысын 488-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін»жіберді.