Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналистер референдумда: қалай заң бұзушылықсыз?

7 маусым 2022

Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңының 1-тармағында референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық және жария түрде жүзеге асырылады деп көрсетілген. Өкінішке орай, 2022 жылғы 5 маусымда өткен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» республикалық референдумда бұған дейінгі бірқатар сайлаумен салыстырғанда заң бұзушылықтар әлдеқайда аз болғанымен, журналистердің құқықтарының бұзылуы орын алды.

«Әділ сөз» қорының мониторингінде 9 факті тіркелді.

Жіберілген заң бұзушылықтардың негізгі себептері –сайлау комиссиялары мүшелерінің журналистердің құқықтарын, журналистерді аккредиттеу ережесінде БАҚ кемсіткені байқалды. Аккредиттеуші ұйым өтініш берушіні журналистің аккредиттелгені туралы өтінішіне оң нәтиже берген кезде ғана жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етті. Өкінішке орай, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 126-бабы – «Кандидаттардың, саяси партиялардың сенімді адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және сайлауды байқаушылардың заңды қызметіне кедергі жасау» бойынша нақты емес символикалық жаза - 35 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Мониторингтің толық есебін оқыңыз.

«Азаттық» радиосының түсірілім тобы Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекет басшысы дауыс беруі тиіс болған №59 сайлау учаскесіне кіре алмады. Полиция қызметкерлері мен президенттің күзет қызметінің өкілдері «Азаттық» тілшілеріне олардың «тізімде жоқ»екенін хабарлаған. Редакция референдумнан хабар тарату үшін барлық қажетті құжаттар АҚДМ-ге алдын ала жіберілгенін хабарлайды.

«Тоқаев дауыс беретін учаскеге баратын журналистердің тізімін Ақпарат министрлігінің комитеті жасады. Біз басқа редакциядағы әріптестеріміз сияқты құжаттарды алдын ала жібердік, АҚДМ-ге қоңырау шалдық, аккредитациядан өткенімізді білдік. «Азаттық»радиосының басшылығы тіпті Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровқа хат жазған, бірақ ол жауап берген жоқ. ( ... ) Олар бізге неге аккредитация бермегендерін де түсіндірмеді», - деді «Азаттық» радиосының журналисі Нұргүл Тапаева Orda.kz. порталына.

Азаттық тілшілерінен басқа, бұл сайлау учаскесіне «7 арна» мен Ulysmedia сайтының тілшілері де жіберілмеді.

***

Аян Орибай,Ulysmedia, kz (Нұр-Сұлтан қ.)

Ulysmedia.kz тілшісі Аян Орибай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауыс берген Нұр-Сұлтанқаласындағы №59 сайлау учаскесіне жіберілмеді. Сондай-ақ, журналисті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз алдында сөйлеген сәтін жазуға да жіберген жоқ.

 

***

БАҚ Алматы

Алматыдағы №257 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гэрт Мұраталиев журналистерде аккредитация мен редакциялық тапсырмалардың болуына қарамастан, учаске ішінде түсірілімге тыйым салды.

***

«Азаттық» тілшісі (Шымкент қ.)

Шымкентте учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Мелдебек Әділбаев «Азаттық» тілшісін №77 учаскеге жіберу үшін редакциялық тапсырманың «түпнұсқасын» талап етті. Тілшінің талаптың негізділігі туралы сұрақтарына жауап ретінде Әділбаев республикалық референдум туралы заңға және сайлау туралы заңға сілтеме жасады. «Азаттық» тілшісі комиссия мүшелеріне редакциялық тапсырманың электрондық көшірмесін, журналистерді аккредиттеу туралы куәлігін ұсынды.

Жағдайға Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев араласқаннан кейін, тілші учаскеге жіберілді.

 

***

Сәния Тойкен, «Азаттық» радиосы (Ақмола облысы, Талапкер ауылы)

 

Ақмола облысы Талапкер ауылындағы №685 учаскесінде дауыс беру барысынан хабар тарату үшін түске жуық келген «Азаттық» тілшісі Сания Тойкен мен оператор Кенжетай Аксейтовтан сайлау комиссиясының төрағасы Сақыпжамал Сламбекова  кетулерін талап етті.

С. Сламбекова журналистердің «тізімде жоқ» екенін мәлімдеп, уақытша аккредиттеу туралы өтініш пен редакциялық тапсырманың түпнұсқасын беруді талап етті. Журналистер оған аккредитация алған кезде редакторлар АҚДМ-ға электронды түрде жіберген құжаттардың көшірмелерін көрсетті.

Азаттық түсініктеме алу үшін жүгінген Орталық сайлау комиссиясында өзін заңгер ретінде таныстырған қызметкер түсірілім тобы осы учаскедегі дауыс беру барысын жариялауға рұқсат етілетініне сендірді. Алайда түсірілім тобын кіргізбеді.

***

 

Мария Горбоконенко, Orda.kz (Алматы қ.)

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 2 сайлау учаскесінде бюллетеньдерді жәшікке алдын ала тасталғандығы туралы видео тарады. Orda.kz журналисі Мария Горбоконенко жағдайды анықтау үшін сайлау учаскесіне барған кезде келесі кедергілерге тап болды: «Сайлау учаскесінің төрағасы алдымен Orda.kz журналисіне ескерту жасады. Редакциялық тапсырмада учаскенің нақты нөмірін көрсету керек, учаске ішінде суретке түсіруге тыйым салды, содан кейін бақылаушылармен сөйлесуге мүлдем рұқсат бермеді».

 

***

Санияш Тойкен, Азаттық радиосы (Нұр-сұлтан қ.)

 

Нұр-Сұлтандағы 142 сайлау учаскесінде дауыс беру күнінің соңына қарай байқаушылардың бірі байқаушыларды түсірмеу талабымен камераны тартып алуға немесе аппаратты қолмен жабуға тырысты (қарсы әрекет тікелей эфирде тіркелген). Агрессияға жауап ретінде С.Тойкен журналист екенін және сайлау процесін жариялау үшін аккредиттелгенін хабарлады. Журналист өзін таныстыруды сұраған кезде бақылаушы үнсіз қалды.

 

***

Андрей Скиба, «Наша Газета» (Қостанай қ.)

 

«Наша Газета»  тілшісі Андрей Скиба Қостанайдағы №20 сайлау учаскесінің мүшелері тарапынан оның жұмысына кедергі келтірді, олар журналистің орнында отыруын, фото және видеоғатүсірмеуін талап етті. Комиссия мүшелері дауыс беру құпиясын және азаматтардың жеке деректерін қорғауға сілтеме жасады. Андрейдің тыйымның мәнін түсіндіру туралы өтінішіне, егер түсірілім дауыс беру құпиясын бұзбаса, жеке мәліметтер айтылмайды. Учаске төрағасы (өзін таныстырудан бас тартты) журналист комиссияның жұмысына кедергі келтіреді күзет шақырамын деп қорқытты.

 

Дауыстарды санау кезінде комиссияның жұмысын журналиске үстелден шамамен 10 метр қашықтықтан түсіруге рұқсат етілді.

 

***

 

Иван Лещев, «Наша Газета» (Рудный қаласы)

 

Рудный қаласындағы №170 сайлау учаскесінің төрағасы Елена Нехаева дауыс бергендердің санын айтудан бас тартып, мұндай ақпаратты жариялауға құқығы жоқ екенін түсіндірді.

 

Журналистке дауыс бергендердің шамамен санын бақылаушы ұсынды.

 

Мониторинг «Әділ сөз»қоры тілшілерінің хабарламалары және ашық көздерден алынған ақпаратбойынша дайындалды.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз