Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Роскомнадзор қазақстандық БАҚ мазмұнын реттейді ме?

29 сәуір 2022

Қазақстандық NewTimes.kz басылымына ресейлік Роскомнадзордан тосын хат келіп түсті. Шетелдік реттеуші Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялары туралы ВВС мақаласының қайта басылуын алып тастауды талап етті, себебі бұл Ресей заңнамасын бұзады. Бұл жаңалық 24 сағат ішінде жойылмаса, портал көрші мемлекеттің аумағында жабылады деп қорқытқан. Ең қызығы, Роскомнадзор басылымның редакциясына емес, newtimes.kz сайтының хостинг провайдеріне жүгінді.

Басылым басшылығы ресейлік оқырмандарын жоғалтпау үшін ақпаратты жоюды жөн көрген. «Ресейлік аудиторияны біздің сайтта жарияланған ақпараттан айыруға құқығымыз жоқ деп шештік», — деп түсіндірді NewTimes.kz директоры Дмитрий Ким. 

«Әділ сөздің» пікірі:

Біз NewTimes.kz сайтының редакциялық саясатына араласпаймыз. Бірақ қазақстандық БАҚ ең алдымен, ресейлік емес, қазақстандық  аудиторияны объективті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігінен айырмауды ойлауы керек.

Шетелдік мемлекеттiк органның тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарына тосқауыл қоямын деп қорқытатын хабарлама жолдау жағдайы таң қалдырады. Мұндай әрекеттер, әрине, Қазақстанның мемлекеттік органдарының назарынан тыс қалмауы тиіс. Еске салайық, Конституциямыз цензураға тыйым салып, сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз