Қазақстанға «Сөз бостандығының кепілдіктері туралы» заң қажет
Қазақстан журналистеріне қандай заң керек? Бұл туралы 3 мамырда Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Ratel.kz сайтының редакторы Марат Әсіпов БАҚ туралы ешқандай заң қажет емес, қолданыстағы қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және т.б. кодекстер жеткілікті деп есептейді. Ол «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калееваның: «Біздің шенеуніктер БАҚ-ты «еркіндікке» жіберуге дайын емес. Егер солай болса, онда жаңа заң қажет. Оны біз өзіміз жазуымыз керек» деген пікірімен келіседі.
«Әділ сөз» медиа заңгерлермен және түрлі ҮЕҰ сарапшыларымен бірге «Сөз бостандығының кепілдіктері туралы» заң тұжырымдамасының жобасын әзірлеп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Авторлар жаңа заңда мемлекеттің сөз бостандығы құқығын қамтамасыз ету жөніндегі нақты міндеттемелері, осы құқықты шектеудің нақты шарттары, осы шектеулерді бұзғаны үшін жауапкершілік нормалары және негізсіз шектеулер үшін жауапкершілік болуы керек деп санайды.
Қазір АҚДМ жұмыс тобын құруда. Оған Нұр-Сұлтан қаласынан бірнеше журналистер енді. Ал олардың алматылық әріптестері, Ақпарат министрі Асқар Омаровпен кездесті. Әзірге өз кандидаттарын ұсынған жоқ. Дегенмен, министр конференция басталар алдында телефон арқылы Т.Калееваға жұмыс тобының толық тізімі алдағы күндері жарияланатынын айтты. «Әділ сөз» өз кезегінде, жақын күндері қоғам өкілдерімен бірлесіп, әзірлеген «Сөз бостандығының кепілдіктері туралы» заңның негізі бола алатын құжатты жариялайды.
Әрине, Президенттің өзі БАҚ туралы жаңа заңға «отмашка» берді, ал шенеуніктер енді тырысады. «Егер біз қазір қызметтестерден озбасақ, онда бұл барлық блогерлерді «үйрететін», жаңа шектеулер қосатын, санкцияларды қатайтатын және уәкілетті органдардың бақылауын кеңейтетін кезекті түзетулер болуы мүмкін», - деп ескертті Тамара Калеева.
Бірақ бұл біз туралы заң, журналистер сөз бостандығына кепілдік беру туралы заң идеясын белсенді қолдап, ұсыныстарын айтып, үн қосып, кез-келген жағдайда кеңінен жария етілуі тиіс, - деп сендірді әріптестерін Марат Әсіпов және «Әділ сөз» қорының заңгері Ғалия Әженова.
«Сөз бостандығының кепілдіктері туралы» заңның тұжырымдамасы әзірге АҚДМ алған жалғыз әзірлеме.