Петропавлда журналистерді қорғау ісі төртші рет қайта тірілді
Петропавлда «Хабар-24»телеарнасы журналистерінің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау ісі төрт рет жабылды. Бұл туралы «Әділ сөз» 20 сәуірде хабарлады.
Осы мақаладан кейін бірден белгілі болды: Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулының күшін жойды.
«Қылмыстық іс материалдарын зерттеу шешімнің негізсіз қабылданғанын көрсетті.
Журналистерге және «Хабар» агенттігінің операторына келтірілген моральдық және материалдық залалды ескере отырып, іс бойынша анықталған адамдарды күдікті ретінде тану туралы қаулы шығарсын, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары бойынша олардан жауап алынсын.
Сондай - ақ, олардың кінәсінің дәлелдемелерін ескере отырып, күдіктілердің әрекетін саралау туралы қаулы шығарып, істі сотқа жолдай отырып, түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау қажет», - делінген прокуратура қаулысында.
Естеріңізге сала кетейік, полицияға «Хабар24» телеарнасының Солтүстік Қазақстан филиалының журналистері-Самат Жақыпов, Наталья Волкова және телеоператор Төлеген Иманов арызданған. Оларды 2021 жылдың 2 тамызында «Достық Молл» сауда орталығының күзет қызметкерлері күшпен ғимараттан шығарып жіберген. Телеарнаның түсірілім тобы «Достық Молл» ғимаратында ASHIQ бағдарламасының жұмысы туралы сюжет түсірмек болған.
Мүмкін ҚР Қылмыстық кодексінің 158–бабы 2005 жылдан бастап алғаш рет іске қосылатын шығар?