Қазақстандық зағиптар қоғамының төрағасы Ratel.kz және Orda.kz сайттарын сотқа берді
23 мамыр 2022
Наурыздың 10-ы күні Алматыда рұқсат етілген құқық қорғау митингісінде белсенділер Қазақ зағиптар қоғамын жемқорлыққа барды деп айыптады. Ratel.kz және Orda.kz басылымдары олардың сөздеріне сілтеме жасап, митинг кезінде болған төбелес туралы хабарлады. ҚОС төрағасы Алмат Наурызбаев Ratel.kz мақаласындағы сөз тіркестері мен Orda.kz жариялаған материалдың атауы оның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіреді деп санайды. Сөзіне БАҚ сілтеме жасаған белсенділер де сотта жауапкер ретінде көрсетілген. ҚОС төрағасы белсенділер мен басылымдардан бір миллион теңге жинауды талап етті.
Алдағы уақытта «Әділ сөз» жағдайды назарда ұстап, қажет болса журналистерге құқықтық көмек көрсетеді.