Теміртау қалалық сотына журналистер қайтадан жіберілді
Журналист Татьяна Ковалева қуанышты жаңалықпен бөлісті: Қарағанды облыстық соты Теміртау қалалық сотының судьясы Гавриченкованың БАҚ-тың офлайн отырысқа қатысуына тыйым салу туралы шешімінің күшін жойды.
Осыдан кейін сол қалалық соттың төрағасы Т.Амрашев өзінің журналиске жасаған қоқан-лоқысы туралы ұмытатын шығар.
Еске салайық, Т.Амрашев 2021 жылдың қыркүйегінен бері қаралып жатқан ЖКО бойынша қылмыстық іс бойынша тараптарға процесті жабуға болатынын тұспалдаған. Ол Татьяна Ковалеваны сот залынан шығарып, тіпті егер оның үстінен шағым түсірсе, оны сотқа қысым ретінде қабылдаймын деп қорқытқан. Соған қарамастан, журналист арызданған еді. «Әділ сөз» мұны ашық сот отырысының жариялылығын заңсыз шектеу, судьяның мінез-құлқының этикасын айқын бұзу және журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау деп бағалады.