Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Депутаттарға журналистерді құрметтеу туралы

15 сәуір 2022

Қазақстан Журналистер одағы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Парламент спикерлері мен Ақпарат және қоғамдық даму министріне «Журналистердің Парламенттегі жұмысын шектеуге жол бермеу туралы» ашық хат жолдады. Хатта:

Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары кезекті рет журналистерді депутаттармен тілдесу мәдениетіне үйрету туралы шешім қабылдады. Дәл осы мақсатта Парламентте журналистердің жаңа мінез-құлық ережелері қабылданды, - деп түсіндірді осы идеяның бастамашысы әрі әріптестерінің қолдауына ие болған Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Депутаттардың пікірінше, егер журналистер:

· халыққа депутаттардың отырыстарда өзін қалай ұстайтынын көрсету (қазір операторлар мен фототілшілер жиналыс бөлмесінде 10 минут қана түсіре алады). Операторлар осы уақытқа дейін депутаттарға заң жобаларын талқылауына кедергі келтірген екен. Ал 10 минут телефонға қарамай, есінемей шыдамдылық танытып, өзін-өзі ұстауға әбден болады;

· жеке сұхбат алу (бұдан былай – тек бір микрофонмен қызыл лентаның артында тұру). Жағымсыз сұрақтарды «естімеуге»өте ыңғайлы;

·депутаттардың соңынан жүгіріп, лифтте және буфеттерде оларды күзетіп, ақпарат бопсалау. Енді депутаттық төсбелгісі барлар микрофонды көргенде тығылмай, өздерін еркін ұстап өтіп кетеді.

Парламенттің жоғарғы палатасы журналистерге мәдениетті үйрету мәселесінде  - баспасөз орталығын ас иісі аңқып тұратын асхананың жанына  ұялы байланыс жоқ жертөлеге көшірді.

Құрметті депутаттарға ел Президенті Қ.Тоқаевтың таяудағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты жолдауынан: «Мемлекет сұранысқа ие және мықты медианың ашық ақпараттық кеңістігін құруға ерекше назар аударады. Билік пен халық арасындағы коммуникацияның тиімді арнасы ретінде БАҚ өзекті мәселелерді көтере алады және көтеруі керек» дегенін естеріне саламыз.

Осы ережелерді енгізу маңызды әлеуметтік функциялар жүктелген қоғамдық институт ретінде БАҚ-қа және оның қызметкерлері журналистерге деген құрметтемеушіліктің көрінісі деп санаймыз. Қоғамның дұрыс ақпарат алу құқығын шектейтін және билік пен қоғамның сенімін нығайтуға кедергі келтіреді. Мұндай ережені  жоюды сұраймыз,делінген.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз